Бомбардиро Крокодило мен Тралалеро Тралала: Оқу-ағарту министрлігі жасанды интеллект жасаған мультфильмдерге алаңдаушылық білдірді
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті интернетте таралып жатқан кейбір мультфильмнің қауіпті екенін айтып, алаңдаушылық білдірді.
Мультфильм кейіпкерлері – Бомбардиро Крокодило, Тралалеро Тралала және басқа да анимациялық бейнелер TikTok секілді әлеуметтік желілерде кең таралып, миллиондаған қаралым мен лайк жинап жатыр. Олар жасанды интеллект арқылы жасалған, ал дыбысталуы – итальян тілінде. Желі қолданушылары бұл видеоларды аударған кезде мазмұнының шынайы сипатына таң қалған.
Аудармаларға сүйенсек, Бомбардиро Крокодило – «Газа мен Палестинадағы балаларды бомбалап жүретін ұшатын аллигатор» деп сипатталған. Сондай-ақ кейіпкерлердің сипаттамасында бірқатар балағат сөздер мен Құдайға тіл тигізетін қорлау мазмұндар кездеседі.
«Комитет интернетте балаларға арналған сияқты көрінетін, бірақ ішінде жасырын түрде деструктивті мазмұн бар анимациялық видеолардың таралуына алаңдайды. Мұндай бейнежазбалар балалар санасына бұрмаланған, агрессияға жетелейтін және негізгі адамгершілік құндылықтарды жоққа шығаратын ұғымдарды сіңіруге тырысады», – делінген ресми хабарламада.
Осыған байланысты комитет қазіргі цифрлық ортадағы қауіптерді ескере отырып, нормативтік базаны жетілдіруге қатысты ұсыныстар дайындап жатыр. Бұл ұсыныстар Мәдениет және ақпарат министрлігіне, сондай-ақ Ішкі істер министрлігіне жолданатын болады.
Министрлік ата-аналарға балалары қандай контент көріп жүргеніне, кіммен сөйлесетініне және интернетте қандай тақырыптарды талқылайтынына мұқият болуды ескертеді.
«Баламен үнемі ашық сөйлесіп, оның сыни ойлау қабілетін дамытыңыз. Күдікті контент анықталған жағдайда бірден тиісті органдарға хабарлаңыз. Цифрлық ортада баланың қауіпсіздігі – ең алдымен ата-ананың белсенді қатысуына байланысты», – деп атап өтті ведомство.
Соңғы жаңалықтар
-
«МӘҢГІЛІК АЛАУ» БАСЫНДА ТАҒЗЫМ: ТҮРКІСТАНДА ЖЕҢІС КҮНІ ЕРЕКШЕ АТАЛДЫ
4 минут бұрын
-
Жеңіс күні қарсаңында Бауыржан Момышұлының рухына тағзым жасалды
8 сағат бұрын
-
Астанада Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым жасалды
9 сағат бұрын
-
Абай өңірінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне зор құрмет көрсетілді
23 сағат бұрын
-
Қазақстанда хантавирус таралу қаупі бар ма?
1 күн бұрын
-
Қазақ жігіті Британияда мэр болып сайланды
1 күн бұрын
-
Forbes Kazakhstan ең бай кәсіпкерлер тізімін жаңартты: жаңа миллиардерлер пайда болды
1 күн бұрын
-
Қозғалтқыш істен шыққан: Air Astana ұшағы Ақтөбеге шұғыл қонды
1 күн бұрын
-
Қазақстандық оқушылар Балқан олимпиадасында 6 медаль иеленді
1 күн бұрын
-
Роман Скляр ERG басшысы болуы мүмкін – Financial Times
1 күн бұрын
-
Вице-президент өкілеттігі: Президент сайлауынан кейін қызметі тоқтамайды
1 күн бұрын
-
Сайлау бюджеті: Құрылтай науқанына қанша миллиард жұмсалмақ?
1 күн бұрын
-
Өскемен гарнизонындағы маңызды жиын: Әскери прокурорлар әлімжеттікке қарсы іс-қимыл шараларын таныстырды
1 күн бұрын
-
Мектептегі медициналық тексерулер енді бұрынғыдай болмайды: 1 қыркүйектен бастап не өзгереді?
1 күн бұрын
-
Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды
1 күн бұрын
-
Қытайда екі бірдей бұрынғы Қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді
1 күн бұрын
-
Қазгидромет еліміздің барлық өңірінде күн бұзылатынын ескертті
1 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі ең қуатты армиялардың топ-60 тізіміне енді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда туристік аймақтарға арзан әуе рейстерінің тізімі жарияланды
2 күн бұрын
-
Қазақстандық ерлер неге кеш үйленеді? Статистикалық талдау
2 күн бұрын
-
Астаналық оқушылар Хьюстондағы FIRST World Championship әлемдік додасында топ жарды
2 күн бұрын
-
Айбек Дәдебай «Әділет» саяси партиясының төрағасы болып сайланды
2 күн бұрын
-
Ел қорғаны – ерлер: Түркістанда сарбаздар құрметке бөленді
3 күн бұрын
-
Мамыр мерекелерінде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
3 күн бұрын
-
Ақтөбе облысында ауыл әкімі өлі табылды
3 күн бұрын
-
Алматы әуежайына швейцариялық ұшақ шұғыл қонды
3 күн бұрын
-
АҚШ Ормуз бұғазы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне қарар ұсынды
3 күн бұрын
-
Нұрай Серікбай ісінде жаңа күдіктілер жауапқа тартылуы мүмкін
3 күн бұрын
-
Бұралқы иттерді қайтарымсыз аулау моделі сақталады
3 күн бұрын
-
Жануарларға қатыгездік: айыппұл өсіп, жаза күшейтіледі
3 күн бұрын
-
Қарағандылық курсант қарсыласын 57 секундта сұлатып салды
3 күн бұрын
-
Айыппұлы барларға мемлекеттік қызмет көрсетілмейді: Қазақстанда жаңа шектеулер енгізілмек
3 күн бұрын
-
Назарбаев Университеті пәтерінен қару табылды: қылмыстық іс қозғалды
3 күн бұрын
-
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: алматылықтар қоршау қоюды талап етті
3 күн бұрын
-
Тоқаев Си Цзиньпинге Қытайдағы жарылысқа байланысты көңіл айтты
3 күн бұрын
-
Елімізде такси нарығына бақылау күшейеді
3 күн бұрын
-
АҚШ Ормуз бұғазындағы операцияны уақытша тоқтатпақ
3 күн бұрын
-
Қызылорда облысының әкімі Үкімет басшысының бірінші орынбасары қызметіне көтерілді
3 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттарына жаңа талап: Жеке мәселені мінберден айтуға болмайды
4 күн бұрын
-
АҚШ пен Иран Ормуз бұғазы үшін тартысқа түсті
4 күн бұрын
-
АЭС құрылысының құны құпия сақталуы мүмкін
4 күн бұрын
-
Алматы әуежайы терминалды су басқаны үшін жауапқа тартылды
4 күн бұрын
-
Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда қызметтік иттер 50-ден астам кісі өлімін ашуға көмектесті
4 күн бұрын
-
Өскемендегі зауыттағы жарылыстан екі адам қаза тапты
4 күн бұрын
-
Жол ережесін бұзбайтын тәртіпті жүргізушілерге сыйақы төлене ме? Үкімет жауабы
4 күн бұрын
-
Қытайдағы отшашу зауыты жарылды: 21 адам қаза тапты
4 күн бұрын
-
Өскемендегі зауыттағы жарылыстан тоғыз адам зардап шекті
4 күн бұрын
-
Ресей 9 мамырға орай Украинамен екі күндік бітім жариялады
4 күн бұрын
-
Өскемендегі зауытта жойқын жарылыс: ғимарат қирап, өрт шықты
4 күн бұрын