$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Бішкек студенттері арасында жаппай төбелес болды

Редакция
13 маусым 2024 04:14 2454
Бішкек студенттері арасында жаппай төбелес болды Сурет авторы: kaktus.media
Бішкекте шетел студенттері арасында жаппай төбелес болғаны туралы Свердлов ауданының ІІБ хабарлады.
 
Белгілі болғандай, 10 маусым күні сағат 23:30-да полиция бөліміне студенттердің төбелесіп жатқаны туралы қоңырау келіп түскен. Полиция қызметкерлері дереу оқиға орынына жетіп, төбелесті тоқтатқан.
 
Нәтижесінде 32 шетелдік студент полиция бөліміне жеткізіліп, олардың Пәкістан мен Бангладеш азаматтары екені анықталған. Ұсталғандарға Қырғыз Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 431- бабы «Шетел азаматтарының Қырғыз Республикасында болудың белгіленген тәртібін, еңбек қызметін жүзеге асыру немесе транзиттік жол жүру ережелерін бұзуы» бойынша 16 хаттама толтырылған. 
 
Тәртіп бұзушылардың бірі “ұсақ бұзақылық” бабымен айыпталып, 5 500 сом айыппұл салынған. Медициналық сараптама төбелеске қатысқан екі азаматтың алокогольдің және есірткілік масаң күйде болғанын анықтаған. Екі студент үш тәулікке қамалып, қалған азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Соңғы жаңалықтар