$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Әйгілі «Титаник» жолаушысының сағаты 1,4 млн долларға сатылды

Редакция
28 сәуір 2024 06:30 1777
Әйгілі «Титаник» жолаушысының сағаты 1,4 млн долларға сатылды

1912 жылы суға батқан «Титаниктегі» ең бай адам Джон Джейкоб Астор IV-ке тиесілі алтын қалта сағаты аукционда рекордтық 1,175 миллион фунт стерлингке (1,4 миллион доллардан астам) сатылды.

Қолсағат АҚШ-тың жеке коллекционеріне батып кеткен лайнерден естелік заттар үшін жиналған Henry Aldridge & Son аукционында сатылған. Сарапшы Эндрю Олдридждің айтуынша, Астор сол кезде әлемдегі ең бай адамдардың бірі болған.

Сондай-ақ, аукцион кезінде 360 мың фунт стерлингке (459 мың доллардан астам) кеме суға батқан кезде ойнаған скрипканың қорабы да сатылған. Музыка аспабының өзі 2013 жылы 1,7 млн долларға сатылған еді. Бұл батып кеткен лайнерден алынған артефактілер үшін төленген ең үлкен сома болатын.

 

Соңғы жаңалықтар