$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Армения билігі ҰҚШҰ-ға қаржы қоспайтынын мәлімдеді

Редакция
09 мамыр 2024 11:13 1796
Армения билігі ҰҚШҰ-ға қаржы қоспайтынын мәлімдеді

Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) қаржы қоспайтынын мәлімдеді. Ереван соңғы кездері ұйым жұмысына іс жүзінде қатыспай келеді.

"Армения ҰҚШҰ-ның 2024 жылғы бюджеті жөніндегі 2023 жылғы қарашадағы шешімге қол қоюды тоқтата тұрады, сондықтан келісімге қатысушы елдердің ортақ шараларын қаржыландыруды да доғара тұрады", - делінген Армения сыртқы істер министрлігінің өкілі Ани Бадалянның 8 мамырдағы мәлімдемесінде.

Алайда Ереван ұйымға мүше елдердің келісім аясындағы міндеттерін атқаруына қарсылық білдірмейді. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.

Бір жылдан астам уақыт бойы Армения ҰҚШҰ-ның жоғары лауазымды басшыларының жиындарына, әскери жаттығулар мен басқа да ортақ шараларға қатыспай келген. Армения премьер-министрі Никол Пашинян биыл ақпанда ұйым жұмысына қатысудан бас тартатынын айтқан.

Соңғы жаңалықтар