$ 465.74 € 537.23 ₽ 5.62

Анасына пышақ сұққан күдікті Вьетнамнан Қазақстанға жеткізілді

Абдрахманов Мағжан
12 тамыз 2026, 10:59
Анасына пышақ сұққан күдікті Вьетнамнан Қазақстанға жеткізілді Сурет авторы: Кирилл Пономарев / «Лента.ру»

Анасына бірнеше рет пышақ салды деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Вьетнамнан елге экстрадицияланды.

Тергеу нұсқасы бойынша, оқиға 2025 жылғы қарашада болған. Ер адам үйінде мас күйінде анасымен сөзге келіп, оған бірнеше рет пышақ салған.

Оқиғадан кейін күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. Биыл маусымда оның Вьетнамда жүргені анықталды.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған айып бойынша үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар