Абай облысында мыңдаған адамның өмірін арашалайтын бірегей жүрек орталығы бой көтеруде
Сурет авторы: 0.18kz
Абай облысының Үржар ауданында халыққа жедел әрі мамандандырылған медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Елді мекенде ауылдық денсаулық сақтауды жаңғыртуға арналған ұлттық жоба шеңберінде Тері арқылы коронарлық араласу (ТКА) орталығының құрылысы жүргізілуде.
Медициналық инфрақұрылым және техникалық жабдықталуы
Жобаның жалпы келісімшарттық құны 3,1 миллиард теңгені құрайды. Бас мердігер – «AKM Invest Group» ЖШС. Жаңа орталық 12 төсек-орынға есептелген жеке қосымша ғимаратта орналасады. Нысан құрылыс-монтаж жұмыстарының бекітілген кестесіне, сапа стандарттарына және қауіпсіздік талаптарына сәйкес салынып жатыр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында.
Орталықтың материалдық-техникалық базасы жоғары дәлдікті диагностика мен емдеуге арналған заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі:

Қан тамырларының жағдайын нақты уақыт режимінде зерттеуге және операторлық ем жүргізуге арналған ангиограф аппараты;
Барлық палаталарға арналған жасанды тыныс алу аппараттары (ЖТА);
Пациенттердің өмірлік маңызды көрсеткіштерін үздіксіз бақылайтын жеке мониторлар.
Өңірлік қажеттілік және географиялық факторлар
Қазіргі уақытта Үржар және Мақаншы аудандары бойынша 57 519 тұрғынға медициналық қызмет көрсетіледі. Қызмет көрсету радиусы 410 шақырымнан асады. Медициналық желінің құрамына:
Үржар ауданында: 15 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік және 13 медициналық пункт;
Мақаншы ауданында: 9 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік және 6 медициналық пункт кіреді.
Сонымен қатар, жергілікті медицина мекемелері 16 шекара бекетіне, 3 комендатураға, шекара әскери құрылымдарының жеке құрамы мен олардың отбасыларына, сондай-ақ «Жалаңашкөл» көмір разрезінің жұмысшыларына қызмет көрсетеді.
Аумақтағы медициналық жүктемені арттыратын тағы бір негізгі фактор – Алакөл шипажайлық-туристік аймағы. Жазғы маусымда өңірге 1 миллионнан астам демалушы келеді, бұл шұғыл медициналық көмекті қажет ететін жағдайлардың жиілігін арттырады.
«Алтын сағат» және шұғыл көмектің маңыздылығы
Қазіргі таңда шұғыл жүрек-қан тамырлары операциялары қажет науқастар 175 шақырым қашықтықтағы Аягөз қаласындағы орталыққа жеткізіледі. Алыс елді мекендерден тасымалдау, жол инфрақұрылымы мен ауа райы жағдайлары шұғыл медициналық көмек көрсету ұзақтығына тікелей әсер етеді. Облыс орталығы Семей қаласына дейінгі қашықтық 560 шақырымды құрайды.
Үржар ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Аманжол Искаковтың мәліметінше, 2025 жылы Үржар ауданынан Аягөз қаласына жүрек-қан тамырлары аурулары асқынған 189 пациент тасымалданған.
«Миокард инфарктісі кезінде алғашқы «алтын сағаттың» маңызы айрықша. Науқасқа неғұрлым жедел медициналық көмек көрсетілсе, жүрек бұлшықетінің зақымдану көлемін азайтып, адам өмірін сақтап қалу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Тері арқылы коронарлық араласу (ТКА) әдісі кеуде қуысын ашпай-ақ, білезік немесе шап артериясы арқылы катетер мен баллон жеткізіп, тамыр саңылауын кеңейтуге және стент орнатуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Аманжол Искаков.
Үржар ауданында ТКА орталығының іске қосылуы шалғай өңір тұрғындары мен қонақтары үшін жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, шұғыл жағдайларда тасымалдау уақытын айтарлықтай қысқартуға жағдай жасайды.
Соңғы жаңалықтар
-
Тіс емдетуге барған үш жасар қыз жансақтау бөліміне түсті
17 сағат бұрын
-
Атырауда шенеунік пәтерінен өлі табылды
17 сағат бұрын
-
Республика күні қарсаңында Тарбағатайда бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілді
23 сағат бұрын
-
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫСТАДЫ
1 күн бұрын
-
Макрон шеруге шыққандарға қатаң шаралар қолданбақ
1 күн бұрын
-
Тоқаев: Кейбір әлеуметтік жеңілдіктер жымқыру негізінде беріліп жатыр
1 күн бұрын
-
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені екінші рет қатарынан төмендетті
1 күн бұрын
-
"Мұнайшыларды наразылыққа итермеледі": ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр
1 күн бұрын
-
Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі үш жылға қысқаруы мүмкін
1 күн бұрын
-
Қашаған дауы: арбитраж Қазақстанның 12 млрд долларлық талабын қанағаттандырмады
1 күн бұрын
-
Үй сатып алмақ болғандарға ескерту: бірқатар қызмет бірнеше күнге тоқтайды
2 күн бұрын
-
Франция мен Италиядағы сценарий қайталануы мүмкін: Германия неден қауіптенеді
2 күн бұрын
-
Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады
2 күн бұрын
-
Қазақстанда iPhone Duo ресми сатылымға шықты: бағасы қанша
2 күн бұрын
-
Астана, Алматы және Шымкенттен көшкендерге мемлекет ақша төлейді
2 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты тапсырма берді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қылмыс жасаған жасөспірімдердің әрбір екіншісі ауыр қылмысқа барған
2 күн бұрын
-
Отбасы банк комиссияны көтереді: Кімдерге әсер етеді?
2 күн бұрын
-
Ресейде соғысқа әкетілген қазақстандықтар елге орала бастады
2 күн бұрын
-
Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 41 ауылға интернет тартылды
3 күн бұрын
-
Соғысты тоқтату келіссөзі қайта басталуы мүмкін: Ресей мен Украина АҚШ ұсынысын қолдады
3 күн бұрын
-
Ресей Қазақстанға кірудің жаңа тәртібіне қатысты түсініктеме сұрады: Сыртқы істер министрлігі жауап берді
3 күн бұрын
-
«Жәрдемақыдан бас тартуды ұсынды»: Түркістан облысының тұрғыны мамандардың үйіне келгенін айтты
3 күн бұрын
-
Жарты жыл оқу, жарты жыл қызмет: Қазақстандық сарбаздар жаңа жүйемен әскерге барады
3 күн бұрын
-
Қанша қазақстандық зейнетақы жинағын жеке басқарушыларға сеніп тапсырды?
3 күн бұрын
-
Астанада печеньенің ішінен есірткі табылды
3 күн бұрын
-
Тоқаев мемлекеттік органдарды 16 жыл бойы бағалап келген жүйені жойды
3 күн бұрын
-
Дипфейк арқылы алматылық әйелдің атына төрт банк шоты ашылып, 36 млн теңге аударылған
3 күн бұрын
-
Зорлық болмай тұрып қауіп туралы белгі беріледі: Айжан Аймағанова жаңа жүйе ұсынды
3 күн бұрын
-
ШҚО-да 50 жылдан астам пайдаланылған ескі мектептің орнына жаңасы салынды
3 күн бұрын
-
Жаңа стадион салынған соң ескісі не болады? Алматылықтарды толғандырған сұраққа жауап
3 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап кімдерге атаулы әлеуметтік көмек берілмеуі мүмкін
4 күн бұрын
-
Астаналықтарды суық күнде кезекті сынақ күтіп тұр: Кімдер жылусыз қалады
4 күн бұрын
-
Бұрын-соңды болмаған «жаппай тазалау»: Трамптың екінші мерзімінде 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
4 күн бұрын
-
Мұнай бағасы қайтадан 110 доллардан асты
4 күн бұрын
-
Еуропаның төрт ірі компаниясы Starlink-ке балама жасау үшін күш біріктірді
4 күн бұрын
-
Қазақстанда қандай жағдайда жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырады
4 күн бұрын
-
Алматыға 113 келі есірткі жеткізбек болған ағайындылар ұсталды
4 күн бұрын
-
«Ақтөбе» мен «Ордабасы» жазаланды: ҚФФ клубтарға ірі айыппұл салды
4 күн бұрын
-
Жасанды интеллект әлемін өзгерткен NVIDIA басшысы Қазақстанға келеді
4 күн бұрын
-
Қазақстанның жасанды интеллектіні дамыту саласындағы тәжірибесі ТүркПА-да таныстырылды
4 күн бұрын
-
Алматыда үш университет «жарылғыш зат қойылды» деген ақпараттан кейін тексерілді
4 күн бұрын
-
Садыр Жапаров ТүркПА-ға мүше елдер парламенттері басшыларымен кездесті
4 күн бұрын
-
Пашинян Жапаровты Қазақстан президенті деп атағаннан кейін хаттама қызметінің басшысын қызметінен босатты
4 күн бұрын
-
Өскемендегі кептеліске жаңа жол: әкім құрылыс барысын жеке тексерді
4 күн бұрын
-
Қорғаныс министрлігіне кеткен Савельеваның орнына жаңа депутат келді
4 күн бұрын
-
Navai қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін Қазақстаннан шығарылды
4 күн бұрын
-
Ким Чен Ынның қайтыс болғаны туралы ақпараттан кейін оның жаңа суреттері жарияланды
4 күн бұрын
-
Қазақстан АҚШ-қа тікелей рейсті қашан ашатыны белгілі болды
4 күн бұрын
-
Әл-ауқат калькуляторы неге бәріне ашылмайды: министрлік жауап берді
5 күн бұрын