$ 455.4 € 526.99 ₽ 5.25

2017 жылдан бері іздеуде болған қазақстандық терроризм үшін 8 жылға сотталды

Абдрахманов Мағжан
02 қыркүйек 2026, 12:38
2017 жылдан бері іздеуде болған қазақстандық терроризм үшін 8 жылға сотталды Сурет авторы: ҰҚК

Алматы тумасы, 2017 жылдан бері халықаралық террористік ұйымдарға қатысы бар деген күдікпен іздеуде болған Қазақстан азаматы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Ер адам Түркиядан табылып, 2025 жылы Қазақстанға жеткізілген. Елге жеткізілгеннен кейін ол қамауға алынған.

ҰҚК мәліметінше, маусым мен тамыз аралығында комитет тергеген қылмыстық істер бойынша терроризм және экстремизм қылмыстары үшін барлығы 19 адам түрлі мерзімге сотталған.

Сотталғандардың тағы бірі – Шымкент тұрғыны. Ол әлеуметтік желілерде терроризм идеологиясын насихаттап, таныстарын күш қолдану әрекеттеріне итермелеген. Сот оны 9 жылға бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ осы кезеңде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 28 адам ұсталған.

Олар терроризмді насихаттады, діни алауыздық қоздырды, тыйым салынған материалдарды интернетте және өз ортасында таратты, сондай-ақ экстремистік ұйым қызметіне қатысты деген күдікке ілінген.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар