$ 461.26 € 542.58 ₽ 6.18

110 киловольт астындағы сауда: «Алаш» базарындағы заңбұзушылықтар неге тыйылмай тұр

Сапарғали Қанат
03 шілде 2025, 15:34
110 киловольт астындағы сауда: «Алаш» базарындағы заңбұзушылықтар неге тыйылмай тұр Сурет авторы: kp.ru

Астанадағы «Алаш» базарының аумағынан 110 киловольттық жоғары кернеулі электр желісі өтіп жатыр. Осы желінің астында саудагерлер күнделікті саудасын жасап отыр. Бұл жағдай адам денсаулығына зиян болуы мүмкін.

Мәселені қоғам белсендісі көтергеннен кейін, арнайы тексеріс жүргізіліп, базар иесі жоғары кернеулі тоқ желілерінің қорғаныс аймағын бұзғаны анықталды. Бұл заңбұзушылықты тіпті министрлік өкілдері де растаған. Алайда, базар басшылығына әлі күнге дейін ешқандай шара қолданылмаған.

Базар аумағында тәртіп пен басқару жағы да күмән туғызады. Әкімшілік өкілін табу мүмкін болмады. Саудагерлер мен күзетшілер өз беттерімен жұмыс істеуде.

Бұл мәселенің басты зардабын қарапайым халық тартып отыр. Адамдар күнкөріс үшін денсаулықтарына зиян екенін біле тұра сол жерде саудасын жалғастыруға мәжбүр. Базарды көшіру немесе қауіпсіз әрі заңды орын беру мәселесі әлі шешілмеген.

Сонымен қатар базардың артқы жағында үйілген қоқыс та проблемаға айналып отыр. Белсенділердің айтуынша, қоқыстың бір бөлігі жер астына көмілген.

Соңғы жаңалықтар