$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Жұмыста отырып дүниеден өтіп кететіндердің саны артуда

Редакция
14 мамыр 2024 03:14 1953
Жұмыста отырып дүниеден өтіп кететіндердің саны артуда Сурет авторы: kladzdor.ru

Халықаралық зерттеу ұйымдарының мәліметінше, әлемде жыл сайын 2 миллион 400 мың адам  жұмыс орнында көз жұмады. Сарапшылар бұл соғыста қаза тапқандардың санынан да көп дейді, деп хабарлайды Qrnews.kz тілшісі 24kz-ке сілтеме жасап.

Мәселен, Италияның солтүстігіндегі Ломбардия облысында былтыр 172 адам жұмыс орнында тіл тарпай кеткен. Осыған байланысты белсенділер билік пен жұмыс берушілер еңбек қауіпсіздігіне мән бермейтінін айтып, наразылыққа шықты.

Жұмыс орнында өлім-жітімнің көбеюінің тағы бір себебі – климаттың өзгеруі. Еуропалық одақта 2000 жылдан бері аптаптан жан тапсырғандар қатары 42 пайызға өскен. Сондықтан мамандар Еуропарламенттен жоғары температура болғанда, жұмыс істеуге болмайтындай шектеу қоюды талап етіп отыр.

Жұмысын жасап жүріп жан қиятын қауіпті мамандық иелерінің бірі  – журналистер. Журналистерді қорғау жөніндегі халықаралық комитеттің жылдық есебінде былтыр 99 журналист қаза тапқаны жазылған. Бұл – соңғы 9 жылдағы ең үлкен көрсеткіш. Олардың 72-сі Газа секторында жан тапсырған. 

Бұл –  қақтығыс майданында қаза тапқандардың көрсеткіші. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, кеңседе күні бойы жұмыс істеу де жүрек-қан тамырлары ауруынан өлу ықтималдығын 30% арттырады. Мамандар мұның алдын алу үшін күніне 15 минут денені жаттықтырса жеткілікті дейді.

Соңғы жаңалықтар