Жұмыс бар, бірақ жастар неге жұмыссыз?
Сурет авторы: ura.ru
Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Бір жағынан, еңбек нарығында бос жұмыс орындары бар, екінші жағынан, жұмыс таба алмай жүрген жастар саны азаймай келеді.
Қазақстанда жұмыссыздық бойынша ресми статистиканы Ұлттық статистика бюросы қалыптастырады және еңбек нарығындағы жалпы көрсеткіштерді ұсынады. Мысалы, Астана қаласы бойынша ресми деректерге сәйкес, жұмыссыздар саны – 34 283 адам. Ал Еңбек мобильділігі орталығында жұмыссыз ретінде есепте тұрғандар саны – 19 154 адам. Яғни бұл шамамен ресми көрсеткіштің жартысы ғана. Сонда қалған жұмыссыздар қайда, олардың жағдайы қандай?
2025 жылы Қазақстанда 177 мыңнан астам студент диплом алады. Дипломы бар, бірақ жұмыс істемейтін жастар санының көбеюі – білім жүйесінің мәселесі ме, әлде еңбек нарығындағы сәйкессіздік пе?
Осы сұрақ төңірегінде Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Олжас Омар Қобыландыұлы пікір білдірді.
Оның айтуынша, жұмыс істемейтін дипломы бар жастар санының өсуі тек білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ғана емес, сонымен қатар түлектердің дағдылары еңбек нарығының талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетеді.
«Көптеген жас маман теориялық білім алады, ал жұмыс берушілер практикалық дағдылар мен тәжірибені талап етеді», – дейді ол.
Шынында да, университеттерде практикадан гөрі теориялық білімге басымдық беріледі. Сондықтан түлектерде базалық білім болғанымен, жұмысқа қажетті нақты дағдылар жетіспей жатады.
Қоғамда жастар жұмыс істегісі келмейді деген пікір де бар. Алайда Еңбек мобильділігі орталығының мәліметінше, жастардың көпшілігі еңбек етуге дайын, бірақ еңбек нарығында түрлі қиындықтарға тап болады.
Мәселен, тәжірибенің жетіспеуі, жұмыс берушілер талап ететін дағдылардың болмауы, бос жұмыс орындарының аздығы және ұсынылатын жалақының төмендігі жастардың еңбекке орналасуына кедергі келтіреді.
Сондықтан қазіргі таңда жастар мемлекеттік сектордан гөрі жеке секторды жиі таңдайды. Себебі жеке секторда жұмыс кестесі икемдірек, жалақы көбіне жоғарырақ және кәсіби өсу мүмкіндігі мол.
Мысалы, Аружан Жансерікқызы бүгінде жеке аяқ киім сататын дүкенде менеджер болып жұмыс істейді. Оның негізгі мамандығы – ағылшын тілінің аудармашысы. Алайда ол өз саласы бойынша жұмыс таба алмағанын айтады.
Оның сөзінше, еңбек нарығында мамандығына сәйкес тұрақты әрі қолжетімді жұмыс орындары жеткіліксіз. Сондықтан ол өз кәсібінен тыс салада еңбек етуге мәжбүр болған.
Бұл жағдай еңбек нарығында жиі кездесетін «артық диплом» құбылысын көрсетеді. Яғни адамның алған білімі оның қазіргі атқарып жүрген жұмысына сәйкес келмейді немесе одан жоғары болады.
Мұндай жағдайдың негізгі себептері – жұмыс берушілердің артық талап қоюы, дипломның практикалық дағдыларды толық қамтымауы және кейбір мамандық иелерінің нарықта шамадан тыс көп болуы.
Егер жастар диплом алғанымен жұмыс істемесе, бұл олардың өзіне де, еңбек нарығына да, жалпы экономикаға да теріс әсер етеді. Мұндай жағдайда жастар практикалық дағдыларын жоғалтып, мотивациясы мен өз-өзіне сенімі төмендеуі мүмкін. Ал мемлекет пен жұмыс берушілер жас мамандардың әлеуетін толық пайдалана алмайды.
Ұзақ мерзімді жұмыссыздық әлеуметтік тәуекелдерді арттырып, кәсіби дамуды тежейді және экономикалық өсімге қосылатын үлесті азайтады.
Мысалы, мансап орталығында 16–35 жас аралығындағы 6 625 жас есепте тұр. Олардың 59%-ы жоғары білімді, 40%-ы орта арнайы білімді, ал 1%-ы тек мектеп біліміне ие.
Қазақстанда жастарға арналған мүмкіндіктер де жеткілікті: мемлекеттік бағдарламалар, тәжірибе жобалары, кәсіби оқыту курстары және бизнес бастауға арналған гранттар бар.
Дегенмен барлық жастар бұл мүмкіндіктерді бірдей пайдалана алмайды. Көпшілігі дипломы бар, бірақ тәжірибесі жоқ, немесе мамандығына сай жұмыс таба алмайды. Ал кейбірі өз мамандығынан тыс салаларда еңбек етуге мәжбүр.
Анель Ғалымжанқызы
Соңғы жаңалықтар
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
12 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
15 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
16 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
16 сағат бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
17 сағат бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
17 сағат бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
17 сағат бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
18 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
18 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
19 сағат бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
21 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
21 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
22 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
23 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
23 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
23 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
2 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
3 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
3 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
3 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
3 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
4 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
5 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
5 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
6 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
6 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
6 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
6 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын