$ 465.01 € 543.55 ₽ 6.15

Тоқаев Си Цзиньпинге Қытайдағы жарылысқа байланысты көңіл айтты

Абдрахманов Мағжан
06 мамыр 2026, 11:04
Тоқаев Си Цзиньпинге Қытайдағы жарылысқа байланысты көңіл айтты Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президент жеделхатта Қытайдың Хунань өлкесіндегі пиротехникалық зауытта болған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын айтқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, жараланған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қытайдың Люян қаласындағы Huasheng пиротехника зауытында болған жарылыс салдарынан 26 адам қаза тауып, 61 адам зардап шеккен. Оқиға орнында түні бойы шамамен 500 құтқарушы жұмыс істеген.

Билік мәліметінше, кәсіпорын аумағындағы тағы екі оқ-дәрі қоймасы қауіп төндіріп тұр. Осыған байланысты зауыт маңындағы үш шақырым аумақтағы тұрғындар эвакуацияланған.

Соңғы жаңалықтар