$ 465.01 € 543.55 ₽ 6.15

АҚШ Ормуз бұғазы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне қарар ұсынды

Абдрахманов Мағжан
06 мамыр 2026, 15:06
АҚШ Ормуз бұғазы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне қарар ұсынды Сурет авторы: AP

АҚШ Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне қарар жобасын енгізді. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді.

Оның айтуынша, Вашингтон Иранды теңіз қатынасына қауіп төндіріп, жаһандық саудаға зиян келтіріп отыр деп айыптайды. Қарар жобасы Тегераннан шабуылдарды тоқтатуды, теңіз миналарын орнатпауын және кеме қатынасына кедергі келтірмеуді талап етеді.

АҚШ бұл құжатты Парсы шығанағы елдері қолдап отырғанын және оған жақын күндері дауыс беру жоспарланғанын мәлімдеді. Сонымен қатар қарарда гуманитарлық дәліз құру мәселесі де қарастырылған.

Вашингтон Ормуз бұғазы арқылы кемелердің еркін қозғалысын қамтамасыз етуді жалғастыратынын атап өтті. Бұған дейін АҚШ «Project Freedom» операциясын бастап, бейтарап елдердің кемелерін алып жүруді қолға алған еді.

Өз кезегінде Иран тарапы бұғаздағы жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтып, кемелер тек өздері белгілеген бағытпен жүруі тиіс екенін мәлімдеді. Тегеран бұл талап сақталмаған жағдайда қатаң жауап болатынын ескертті.

Соңғы жаңалықтар