$ 464.53 € 543.73 ₽ 6.15

Өскемендегі зауыттағы жарылыстан тоғыз адам зардап шекті

Абдрахманов Мағжан
05 мамыр 2026, 10:44
Өскемендегі зауыттағы жарылыстан тоғыз адам зардап шекті Сурет авторы: видеодан кадр

Өскемендегі «Қазмырыш» кәсіпорнында болған жарылыс салдарынан тоғыз адам зардап шекті, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Мәліметке сәйкес, оқиға орнына жедел жәрдемнің бес бригадасы жіберілген. Зардап шеккендердің екеуінің жағдайы ауыр. Бір адамды кәсіпорын өкілдері өздері ауруханаға жеткізген, тағы біріне оқиға орнында көмек көрсетілген.

Бұған дейін зауыт аумағында шаң ұстайтын құрылғы жарылып, кейін өрт шыққаны хабарланған. Жарылыс салдарынан ғимарат ішінара опырылған.

Қазіргі уақытта өрт оқшауланған. Құтқарушылар үйінділерді аршу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар