$ 461.55 € 540.38 ₽ 6.15

Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровты өлтірген күдікті 11 жылға сотталды

Абдрахманов Мағжан
30 сәуір 2026, 15:06
Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровты өлтірген күдікті 11 жылға сотталды Сурет авторы: primeminister.kz

Астанада Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша айыпталушы Ербол Қаукеатай 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім 20 сәуірде Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылып, заңды күшіне енді. Сот отырысы жабық режимде өткендіктен, істің қосымша мән-жайы жарияланған жоқ.

Ержан Бабақұмаров 2025 жылғы 30 қазанға қараған түні Астанада болған төбелес салдарынан қаза тапқан. Қайғылы оқиға кезінде ол 56 жаста болған.

Марқұм бұған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Президент кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар