$ 465.01 € 543.55 ₽ 6.15

Ақтөбе облысында ауыл әкімі өлі табылды

Абдрахманов Мағжан
06 мамыр 2026, 17:21
Ақтөбе облысында ауыл әкімі өлі табылды

Ақтөбе облысында Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов өлі табылды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жергілікті әкімдік өкілдері мәйіті табылған ер адамның шынымен де бұрынғы ауыл әкімі екенін растап отыр.

Құзырлы органдардың мәліметінше, Ақтөбе қалалық полиция басқармасы 1983 жылы туған ер адамның өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Полиция қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті. Дегенмен тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Қуанышбек Серікжанов Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі қызметіне 2023 жылдың 15 қазанында өткен тікелей сайлаудың нәтижесінде кіріскен болатын. Марқұм мемлекеттік қызмет саласында 10 жылдан астам уақыт бойы еңбек еткен тәжірибелі маман болған. Бұған дейін ол ауыл әкімдерінің форумына қатысып, БАҚ беттерінде жарияланған еді.

Соңғы жаңалықтар