$ 461.55 € 540.38 ₽ 6.15

Мемлекеттік қызметкерлердің орташа жалақысы қанша екені белгілі болды

Абдрахманов Мағжан
30 сәуір 2026, 15:37
Мемлекеттік қызметкерлердің орташа жалақысы қанша екені белгілі болды Сурет авторы: Ulysmedia коллажы

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің орташа айлық жалақысы – 440 мың теңге. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мұқсимов мәлімдеді.

30 сәуірде Сенат мемлекеттік қызметшілердің жалақысын индекстеуге қатысты заңға түзетулерді қарап, мақұлдады. Құжатқа сәйкес, енді жалақыны кемінде үш жылда бір рет міндетті түрде индекстеу қарастырылған.

Салауат Мұқсимовтің айтуынша, жалақыны арттыру тетіктері бұрын да болған, алайда жаңа заң бұл норманы міндетті деңгейге көтереді. Бұл қызметкерлерді ынталандыруға және кадрларды ұстап қалуға бағытталған.

Сонымен қатар биылғы қаңтардан бастап басшылық емес лауазымдағы қызметкерлердің жалақысы 16 пайызға артқан. Үш жылдан кейін жалақы тағы өседі деп күтіледі.

Соңғы жаңалықтар