$ 465.01 € 543.55 ₽ 6.15

Елімізде такси нарығына бақылау күшейеді

Абдрахманов Мағжан
06 мамыр 2026, 10:36
Елімізде такси нарығына бақылау күшейеді Сурет авторы: gov.kz

Қазақстанда такси тасымалдаушыларына қойылатын талаптар өзгерді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

Жаңа тәртіпке сәйкес, такси қызметін бастамас бұрын тасымалдаушылар жергілікті атқарушы органдарға хабарлама жіберуі тиіс. Енді бұл құжатта көліктің маркасы, мемлекеттік тіркеу нөмірі және шығарылған жылы міндетті түрде көрсетіледі.

Министрлік бұрынғы жүйеде тасымалдаушы нақты көлікпен байланыстырылмағандықтан, жол-көлік оқиғалары кезінде жауапты тұлғаны анықтау қиын болғанын атап өтті.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа талап жолаушылар қауіпсіздігіне жауапты такси жүргізушілерін жедел анықтауға және заңсыз жұмыс істейтін тасымалдаушылар санын азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жаңартылған форма автопарк өзгерген жағдайда мәліметтерді түзетуге мүмкіндік береді. Яғни тасымалдаушылар көлікті ауыстырғанда немесе жаңасын қосқанда ақпаратты жаңарта алады.

Соңғы жаңалықтар