$ 465.01 € 543.55 ₽ 6.15

Мамыр мерекелерінде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Абдрахманов Мағжан
06 мамыр 2026, 17:47
Мамыр мерекелерінде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады Сурет авторы: Pixabay

Қазақстанда 7–9 мамыр аралығында жаңбырлы ауа райы сақталады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей өңірлерде бұршақ түсіп, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлады Қазгидромет.

Синоптиктердің мәліметінше, батыс аймақтарда үш күн бойы қатты жаңбыр жауады. Солтүстік өңірлерде жауын-шашын 8 және 9 мамырда күшейеді. Оңтүстікте ауа температурасының жоғары болуына байланысты өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Шығыс өңірлерде жауын-шашын 9 мамырдан басталады.

Күндіз батыста ауа температурасы +18…+28 градус, солтүстікте +18…+23 градус, орталықта +20…+28 градус болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +28…+33 градусқа дейін ыстық сақталады. Шығыста күндіз +25…+30 градус күтіледі.

Мамандар ауа райының құбылуына байланысты тұрғындарға сақтық шараларын ұстануға кеңес берді. Әсіресе алыс жолға шығатын жүргізушілерге ауа райы болжамын алдын ала бақылау ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар