$ 462.91 € 542.16 ₽ 6.16

Астанада екі жасар бала көлік астына түсіп қаза болды

Абдрахманов Мағжан
04 мамыр 2026, 16:20
Астанада екі жасар бала көлік астына түсіп қаза болды Сурет авторы: видеодан кадр

Астанада Иманов көшесіндегі тұрғын үй ауласында көлік қағып, кішкентай бала қаза тапты, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Ведомство мәліметінше, 3 мамыр күні Kia Seltos автокөлігінің жүргізушісі аула аумағында қозғалып келе жатып, жолға жүгіріп шыққан баланы қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Бала 1 жас 8 айлық болған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция жүргізушілерді аула ішінде аса мұқият болуға шақырып, балалардың жолға кенеттен шығу ықтималдығын ескеруді ескертті. Сондай-ақ ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігі айтылды.

Соңғы жаңалықтар