$ 465.01 € 543.55 ₽ 6.15

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: алматылықтар қоршау қоюды талап етті

Абдрахманов Мағжан
06 мамыр 2026, 11:28
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: алматылықтар қоршау қоюды талап етті Сурет авторы: t.me/prokadrykz

Алматыда үш адамның өмірін қиған жол апатынан кейін тұрғындар Әл-Фараби даңғылына қоршау орнатуды талап етіп, петиция жариялады.

Өтініш авторларының айтуынша, сегіз жолақты әрі жылдамдық шегі 80 км/сағ болатын даңғылда бөлгіш қоршаулардың болмауы қауіпті арттырады. Олардың пікірінше, бұл қарсы бағыттағы көліктердің соқтығысу қаупін күшейтеді.

Петицияда мұндай оқиғалар бұған дейін де тіркелгені атап өтілген. Атап айтқанда, 2025 жылғы 25 қарашада да осыған ұқсас жол апаты болғаны мысал ретінде келтірілген.

Авторлар бұл жағдайды жол қауіпсіздігіне қатысты жүйелі мәселе деп бағалап отыр. Қазіргі уақытта петицияға 60-тан астам адам қол қойған.

Еске салсақ, бұған дейін Әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан үш адам қаза тапқан еді. Оқиға қоғамда кең талқыланған.

Соңғы жаңалықтар