$ 462.91 € 542.16 ₽ 6.16

ОПЕК+ мұнай өндіруді тағы да арттырмақ: Бұл шешім Қазақстанға қалай әсер етеді

Абдрахманов Мағжан
04 мамыр 2026, 10:02
ОПЕК+ мұнай өндіруді тағы да арттырмақ: Бұл шешім Қазақстанға қалай әсер етеді Сурет авторы: РИА Новости / Максим Богодвид

ОПЕК+ құрамындағы жеті ел маусым айында мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті, деп хабарлады ұйым.

Осылайша альянс үшінші ай қатарынан өндірісті ұлғайтуды жалғастырады. Reuters дерегінше, жаңа көрсеткіш мамыр айындағы өсіммен шамалас болады, бірақ бұл жолы Біріккен Араб Әмірліктерінің үлесі есепке алынбайды.

Ұйым жариялаған мәліметке сәйкес, Қазақстан да өндірісті тәулігіне 10 мың баррельге арттырмақ. Бұл шешім энергия ресурстарына сұранысқа жауап ретінде қабылданған.

Сарапшылардың айтуынша, мұнай өндіруді ұлғайту альянстың нарыққа қосымша көлем шығаруға дайын екенін көрсетуге бағытталған. Алайда Парсы шығанағындағы жағдайға байланысты Ормуз бұғазы арқылы тасымал шектеліп, шешімнің әсері әзірге шектеулі болуы мүмкін.

Еске салсақ, сәуір айының соңында Біріккен Араб Әмірліктері 1 мамырдан бастап ОПЕК және ОПЕК+ құрамынан шығатынын мәлімдеген. Бұл қадам ұйымның әлемдік мұнай өндірісіндегі үлесіне де әсер етуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар