$ 462.91 € 542.16 ₽ 6.16

Қарағанды облысында теміржол қызметкері пойыз астына түсіп мерт болды

Абдрахманов Мағжан
04 мамыр 2026, 12:20
Қарағанды облысында теміржол қызметкері пойыз астына түсіп мерт болды Сурет авторы: ҚТЖ

Қарағанды облысында теміржол қызметкері пойыз астына түсіп қаза тапты, деп хабарлады көліктегі полиция департаменті.

Оқиға 3 мамырға қараған түні «Жаңа Қарағанды» стансасында болған. Аталған дерек бойынша абайсызда адам өліміне әкелген теміржол көлігі қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісімен қылмыстық іс қозғалды.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, қаза тапқан азамат жол жөндеуші болып жұмыс істеген. Оқиға туралы ақпарат дереу Қарағанды – Сұрыптау стансасындағы желілік полиция бөліміне жеткізілген.

Компания өкілдері жауапты басшылықтың жедел түрде оқиға орнына барғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша құқықтық және өндірістік баға берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар