$ 464.53 € 543.73 ₽ 6.15

Өскемендегі зауыттағы жарылыстан екі адам қаза тапты

Абдрахманов Мағжан
05 мамыр 2026, 11:28
Өскемендегі зауыттағы жарылыстан екі адам қаза тапты Сурет авторы: ҚР ТЖМ

Өскемендегі «Қазмырыш» кәсіпорнында болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алды. Бұл туралы компания мәлімдеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға түтін сорғышты тазалау кезінде болған. Жарылыстан кейін өрт шығып, құрылымның бір бөлігі опырылған.

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнында төтенше қызметтер жұмыс істеуде.

Арнайы комиссия құрылып, апаттың себептері мен мән-жайы тексерілетін болады. Кәсіпорын басшылығы қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге материалдық әрі психологиялық көмек көрсетілетінін хабарлады.

Еске салсақ, 5 мамыр күні таңертең зауыт аумағында шаң ұстайтын құрылғы жарылған. Өрт кейін толық сөндірілген, құтқарушылар үйінділерді аршу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар