$ 465.01 € 543.55 ₽ 6.15

Қарағандылық курсант қарсыласын 57 секундта сұлатып салды

Редакция
06 мамыр 2026, 11:46
Таразда өткен халықаралық бокс турнирінде қазақстандық Бауыржан Әли нағыз «панчерлік» мінез көрсетіп, жекпе-жекті небәрі бір минутқа жеткізбей аяқтады.
Қарағандылық курсант қарсыласын 57 секундта сұлатып салды Сурет авторы: qandas.kz
Ж. Үшкемпіров атындағы «Тараз Арена» төрінде ҚКБФ санкциялаған халықаралық доданың көрігі қызды. Кештің басты сенсациясы — ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанты, спорт шебері Бауыржан Әлидің қатысуымен өткен кездесу болды.
 
Тәжікстандық Раджабой Ахмедовпен шаршы алаңға шыққан Бауыржан алғашқы секундтардан-ақ шабуылға көшті. Төрт раундқа жоспарланған жекпе-жектің 57-секундында отандасымыз жойқын соққылар сериясын жаудырып, қарсыласын есеңгіретіп тастады. Төреші техникалық нокаут тіркеп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты.
 
Бұл жеңіс — қазақ бокс мектебінің мықтылығын және ІІМ академиясы шәкірттерінің жоғары физикалық дайындығын паш етті. Әлемдік аренада еліміздің намысын абыроймен қорғаған Бауыржан Әлидің бұл жетістігі спортсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.

Соңғы жаңалықтар