$ 465.01 € 543.55 ₽ 6.15

Алматы әуежайына швейцариялық ұшақ шұғыл қонды

Абдрахманов Мағжан
06 мамыр 2026, 16:20
Алматы әуежайына швейцариялық ұшақ шұғыл қонды Сурет авторы: vietjetair

Алматы халықаралық әуежайына Swiss Air әуе компаниясының ұшағы шұғыл қонды, деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, 6 мамыр күні сағат 12:48-де Сеул – Цюрих бағытымен ұшып бара жатқан Airbus A350 ұшағы төтенше жағдайда қонуға мәжбүр болған. Бұған екінші ұшқыштың денсаулығы күрт нашарлап, жедел іш қуысы синдромына күдік туындауы себеп болған.

Ұшақ қонған сәтте оны әуежайдың медициналық қызметі күтіп алған. Мамандар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін науқасты жедел жәрдем бригадасына тапсырған.

Ұшқыш қосымша тексеру және ем алу үшін Алматы қалалық №4 ауруханасына жеткізілген.

Бұған дейін бұл әуе кемесі Қазақстан әуе кеңістігінде дабыл белгісін бергені туралы ақпарат тараған.

Соңғы жаңалықтар