$ 462.91 € 542.16 ₽ 6.16

Павлодарда 2 мыңнан астам мұғалімнің жеке деректері интернетке тарап кеткен

Абдрахманов Мағжан
04 мамыр 2026, 13:01
Павлодарда 2 мыңнан астам мұғалімнің жеке деректері интернетке тарап кеткен Сурет авторы: ашық дереккөзден

Павлодарда 28 білім беру ұйымының 2 мыңнан астам қызметкерінің жеке деректері ашық қолжетімділікте жарияланған, деп хабарлады прокуратура.

Ведомство мәліметінше, мектептер медициналық тексеру қызметтерін сатып алу туралы хабарландыру жариялау кезінде конкурс құжаттарына қызметкерлердің жеке мәліметтерін енгізген. Олардың қатарында тұрғылықты мекенжайы, жеке сауалнама деректері мен телефон нөмірлері болған.

Прокуратура мұндай ақпараттың ашық таралуы еңбек заңнамасын бұзумен қатар, алаяқтық әрекеттерге жол ашатынын атап өтті. Қадағалау органының араласуынан кейін 2065 қызметкерге қатысты мәліметтер порталдан жойылған.

Оқиғаға жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Алайда нақты қанша адамға қандай жаза қолданылғаны нақтыланбады.

Қазақстанда алдағы уақытта жеке деректерді жаппай таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін айыппұл мөлшерін 5 мың айлық есептік көрсеткішке (21 625 000 теңге) дейін ұлғайту көзделген.

Соңғы жаңалықтар