$ 464.53 € 543.73 ₽ 6.15

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Абдрахманов Мағжан
05 мамыр 2026, 12:41
Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды Сурет авторы: primeminister.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды.

Оның орнына Роман Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.

Айбек Дәдебай бұл қызметке 2024 жылдың ақпанында тағайындалған еді. Ол бұған дейін Президент Іс басқарушысы, сондай-ақ Сенат аппараты мен халықаралық құрылымдарда түрлі қызмет атқарған.

Президент Әкімшілігінің басшысы – Мемлекет басшысының жұмысын ұйымдастырып, оның тапсырмаларының орындалуын үйлестіретін негізгі құрылымдардың бірі.

Роман Скляр бұған дейін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келген. 

Соңғы жаңалықтар