$ 464.53 € 543.73 ₽ 6.15

Ресей 9 мамырға орай Украинамен екі күндік бітім жариялады

Абдрахманов Мағжан
05 мамыр 2026, 10:19
Ресей 9 мамырға орай Украинамен екі күндік бітім жариялады Сурет авторы: depositphotos

Ресей Қорғаныс министрлігі 8–9 мамыр күндері Украинамен уақытша бітім жариялайтынын мәлімдеді. Бұл шешім Жеңіс күні мерекесіне орай қабылданған, деп хабарлады BBC-дің орыс қызметі.

Ресей тарапы бұл қадам президент Владимир Путиннің шешімімен қабылданғанын атап өтті. Министрлік Украина да осы бастаманы қолдайды деп үміттенетінін мәлімдеді.

Өз кезегінде Украина президенті Владимир Зеленский 6 мамырға қараған түні сағат 00:00-ден бастап «тыныштық режимі» енгізілетінін хабарлады. Оның айтуынша, бұған дейін Ресей тарапынан бітімнің нақты шарттары туралы ресми ұсыныс түспеген.

Сонымен қатар Ресей Қорғаныс министрлігі Украина тарапынан әрекет жасалған жағдайда жауап соққы беруі мүмкін екенін ескертті. Ал Украина билігі жағдайға «айна қатесіз жауап» беретінін мәлімдеді.

Бұған дейін Мәскеуде 9 мамырдағы парадта әскери техниканың қатыспайтыны хабарланған. Кремль мұны қауіпсіздік жағдайымен түсіндірген.

Соңғы жаңалықтар