$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Түркиядағы теракт: Қаза тапқандар саны 5-ке жетті

Редакция
24 қазан 2024 02:06 2808
Түркиядағы теракт: Қаза тапқандар саны 5-ке жетті Сурет авторы: Reuters

Түркияның TUSAŞ аэроғарыштық компаниясының нысанындағы теракт құрбандарының саны бес адамға жетті, тағы 22 адам жарақат алды, деп хабарлады Anadolu агенттігі.

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликаяның айтуынша, зардап шеккендердің екеуі ауыр халде.

Министрдің айтуынша, шабуылға Күрдістан жұмысшы партиясы лаңкестік ұйымының қатысы болуы әбден мүмкін. Али Йерликая сонымен қатар шабуылды жасаған екі террористтің, оның ішінде бір әйелдің өлтірілгенін айтты.

Анкара Бас прокуратурасы лаңкестік әрекетке қатысты тергеуді бастады.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған лаңкестік әрекет елдің тұрақтылығы мен қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктеріне нұқсан келтіруге бағытталғанын айтты. Ердоған Түркияның лаңкестер мен олардың сыбайластарынан келетін барлық қауіп-қатерге қарсы табанды күресін жалғастыратынына сендірді.

Соңғы жаңалықтар