Теңіз орнына - орман: Аралды сақтап қалу үшін не істеліп жатыр?
Сурет авторы: Экология және табиғи ресурстар министрі
Экология және табиғи ресурстар министрлігі — Арал теңізінің құрғаған табанында аумағы 15 гектарды құрайтын жаңа орман тәлімбағын салу жұмыстары басталды. Бұл жоба өсімдіктердің шөлді аймақтың қатал ауа райына үйреніп, тамыр жайып кетуіне көмектеседі. Осының арқасында Арал өңірінің табиғатын қалпына келтіру жұмыстары әлдеқайда тез жүреді.
Министрліктің мәліметінше, болашақ тәлімбақты сумен қамтамасыз ету үшін тереңдігі 500 метрлік жер асты ұңғымасы қазылған. Қазіргі уақытта одан секундына 8–9 литр жылы су шығаратын су сорғысы іске қосылып, жұмысшыларға арналған модульдік контейнерлер орнатылды. Тікелей Аралдың кепкен табанында өсірілген отырғызу материалы экстремалды климаттық жағдайларға барынша төзімді болады деп күтілуде.
Министрлік өкілдері Қазалы ауданында жылына 3 миллион дана жас көшет өсіретін ірі орман тәлімбағының құрылысы аяқталғанын мәлімдеді. Дегенмен дәл осы бұрынғы теңіз аумағында бой көтерген жаңа нысан алдағы жылдардағы ең стратегиялық қадам болып саналады.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Арал теңізінің құрғаған табанының жалпы аумағы шамамен 6 миллион гектарды құраса, оның 2,8 миллион гектарға жуығы Қазақстанның үлесінде. Теңіздің бұрынғы су деңгейін қайта қалпына келтіру енді мүмкін емес. Сондықтан билік негізгі күшті кепкен табанды сексеуіл сияқты төзімді өсімдіктермен көгалдандыру және орманға айналдыру жұмыстарына бағыттап отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында құрғаған аумақта 1,1 миллион гектар алқапқа сексеуіл екпелерін отырғызу жоспарлануда. Бұл шаралар тұз бен шаңның таралуын азайтуға, жел эрозиясын бәсеңдетуге және топырақты бекітуге мүмкіндік береді.
Аралды көгалдандыру тарихы мен қазіргі қарқыны:
Алғашқы кезең (1990 жылдардан бастап): Қазақстан Арал өңірін жасыл желекке айналдырумен 30 жылдан астам уақыт бойы айналысып келеді. Алғашқы 30 жылда Дүниежүзілік банк пен Жаһандық экологиялық қор сияқты халықаралық ұйымдардың қолдауымен бұрынғы теңіз табанында 195 мың гектардан астам қорғаныш ормандары құрылды.
Қазіргі нәтиже (2021–2026 жылдар): 2021 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта орманмелиорациялық жұмыстар 1,1 миллионнан астам гектарды қамтыды, ал тек 2026 жылдың өзінде жасыл желектердің аумағы тағы 116 мың гектарға ұлғайды.
Ғалымдар негізгі үмітті тамыр жүйесі 12 метрге дейін жететін, аса тұзды топырақта өсуге бейім және құмды тиімді бекітетін қара сексеуілге артып отыр. Бұдан бөлек, мамандар тұзға төзімді бұталар мен сораң (галофит) өсімдіктерді де қолдануда.
Министрліктің хабарлауынша, жұмыс тиімділігін арттыру үшін заманауи технологиялар: ылғал сақтағыш гидрогельдер, өсуді ынталандырғыштар, арнайы тыңайтқыштар және адам аяғы басуы қиын шалғай жерлерге тұқым себу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) пайдаланылуда.
Бүгінде жасанды ормандар бой көтерген аумақтарда жаңа табиғи экожүйе қалыптасып келеді: ұсақ сүтқоректілер, құстар мен бауырымен жорғалаушылар пайда болғаны тіркелді. Ал кейбір аудандарда құландар,қарақұйрық пен толай қояндары байқалған.
Сонымен қатар Қазақстан шөлейттенумен күрес бағытында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отыр. Бұл реттегі негізгі жобалардың бірі — 2026 жылдың сәуір айында Астанада өткен өңірлік экологиялық саммитте Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері қол қойған «Орталық Азияның жасыл қалқаны» бастамасы болмақ.
Бұған қоса, жаңадан қалыптасып жатқан орман алқаптарын заңсыз отаудан қорғау және Арал өңірінің табиғатын одан әрі қалпына келтіру мақсатында, аумағы 1,3 миллион гектардан асатын «Арал орманы» атты арнайы мемлекеттік табиғи қорық (резерват) құру жоспарлануда.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын