$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Солтүстік Корея биыл туристерді кіргізуге рұқсат береді

Редакция
16 тамыз 2024 03:14 2528
Солтүстік Корея биыл туристерді кіргізуге рұқсат береді Сурет авторы: Reuters

Солтүстік Корея биыл желтоқсанда елге туристерді кіргізуге рұқсат бермек. Бірақ әзірге қалалардың біріне ғана кіргізу жоспарланған. Бұл туралы BBC туроператорларға сілтеме жасап хабарлады.

Ковид-19 пандемиясына байланысты ел шекарасы бес жылға жуық уақыт бойы жабық болды. Солтүстік Корея 2020 жылдың басында сыртқы әлемнен толығымен оқшауланып, шектеулерді тек 2023 жылдың ортасында ғана жеңілдете бастады. Шекараның жабылуына байланысты елге қажет тауарлардың импорты тоқтап, азық-түлік тапшылығы туындады.

Қытайдың кем дегенде екі туроператоры Солтүстік Корея жылдың соңында туристер үшін шекарасын қайта ашатынын хабарлады.

«Әзірге ресми түрде тек Самчжиённың ашылуы расталды, бірақ біз Пхеньян мен басқа жерлерді де ашады деп ойлаймыз», - деп жазды шеньяндыік KTG Tours компаниясы.

Туризм мамандары бұл жаңалыққа күмәнмен қарады. Олар Солтүстік Кореяға көп туристер ағыны болмайды, КХДР-ға тек қытайлар мен ресейліктер қызығушылық танытады деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар