$ 522.19 € 606.42 ₽ 6.47

«Сіздер алтынсыздар»: Путин қазақ әртістерінің өнеріне тәнті болды

Редакция
13 қараша 2025 00:03 539
«Сіздер алтынсыздар»: Путин қазақ әртістерінің өнеріне тәнті болды Сурет авторы: Ақорда

Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері аясында өткен гала-концертке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысты.

Мерекелік шара Ресейдің басты сахналарының бірі – Үлкен театрда өтті. Концертте қазақтың музыкалық және би өнерін дәріптеп жүрген Роза Рымбаева, Мария Мудряк, Ренат Ғайсин, Әлішер Кәрімов, Александр Беляков, Зарина Алтынбаева сынды сахна шеберлері мен танымал ұжымдар өнер көрсетті.

Кеш көрермендеріне қазақ мәдениетінің байлығы мен ұлттық өнердің әсемдігін танытты.

Іс-шарадан соң мемлекеттер басшылары өнерпаздарға ризашылығын білдірді.

"Сіздерге көп рақмет! Бүгін керемет концерт болды. Бәріміз тамашаладық. Баршаңызға аманшылық тілеймін. Тек жақсылықта жолығайық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Владимир Путин қазақ тілінде жылы әзілмен сөз бастап, әртістердің шеберлігіне жоғары баға берді.

"Әзірге қазақшам онша емес. Бірақ жүргізушінің “алтын” деген сөзін естіп қалдым. Сіздер – алтынсыздар!" – деді Ресей Президенті.

Соңғы жаңалықтар