Салық кодексіне жаңа өзгерістер ұсынылды: не өзгеруі мүмкін
Сурет авторы: aikyn.kz
Ұлттық экономика министрлігі Салық кодексіне өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, түзетулер жаңа кодекс қолданысқа енгізілгеннен кейін анықталған мәселелерді, сондай-ақ бизнес пен мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып әзірленген.
Цифрлық активтен түскен табысқа жеңілдік ұсынылды
Жобаға сәйкес, қазақстандық қызмет көрсетушілер арқылы цифрлық активтермен жасалған операциялардан табыс тапқан жеке тұлғаларды жеке табыс салығынан босату ұсынылады. Бұл жеңілдікті 2026 жылғы 1 қаңтардан 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолдану көзделген.
Сонымен бірге жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтайшылары мен акционерлік қоғам акционерлеріне өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық тәртібін қолдануға тыйым салу ұсынылып отыр.
«Алтын виза» иелеріне бөлек салық тәртібі енгізілуі мүмкін
Түзетулерде «Алтын виза» иелері мен олардың отбасы мүшелеріне жеке салық салу тәртібін белгілеу қарастырылған.
Сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвесторларынан Қазақстан резиденті мәртебесін растайтын құжат бергені үшін алынатын 7000 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі алымды алып тастау ұсынылды.
Инвесторларға инфрақұрылым салуға кеткен шығындарын салық төлемдері есебінен өтеуге мүмкіндік беру де қарастырылып отыр.
Инвестициялық жобаларға бұрынғы жеңілдіктер қайтарылуы мүмкін
Басым инвестициялық жобалар мен инвестициялық келісім жасасқан компаниялар үшін бұрын қолданылған жекелеген салық нормаларын қалпына келтіру ұсынылған.
Екінші деңгейлі банктердің факторинг және форфейтинг операцияларын қосылған құн салығынан босату да түзетулер қатарында бар.
Бұған қоса, кәсіпкерлерге тауарларды таңбалауға нақты жұмсаған шығысының 150%-ына тең соманы салық салынатын кірістен шегеруге рұқсат беру ұсынылды.
Ауыл шаруашылығындағы ҚҚС жеңілдігі біртіндеп қысқаруы мүмкін
Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне берілетін ҚҚС бойынша 80% қосымша есепке алу жеңілдігін кезең-кезеңімен азайту ұсынылып отыр. Бұл тетікті 2035 жылға қарай толық тоқтату көзделген.
Мұнайға салық есептеу тәртібі де өзгеруі мүмкін
Салық есептеу кезінде мұнайдың әлемдік бағасын Brent бағасынан қазақстандық KEBCO сұрпына берілетін жеңілдікті шегеру арқылы анықтау ұсынылды.
Жекелеген кен орындары үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығының төмендетілген мөлшерлемелерін қолдануға өтпелі кезеңді сақтау да қарастырылған.
Сонымен қатар энергетикалық сусындарды экспорттау кезінде акцизден босату шарттарын нақтылау ұсынылды.
Тағы қандай өзгерістер бар
Түзетулер әлеуметтік салық шегерімдерін қолдану, орындалмаған міндеттемелер бойынша кірісті тану және бейрезиденттердің қаржылық қарыздардан түсетін табысын салық салуға қатысты.
Бұдан бөлек, электронды шот-фактураларды рәсімдеу мерзімі мен тәртібін, бейрезидент үшін төленген ҚҚС-ты есепке жатқызу тәртібін нақтылау және Қазақстан резиденттігі туралы сертификат беруді қайта енгізу ұсынылған.
Жоба 25 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады. Өзгерістердің салыстырмалы кестесі «Ашық НҚА» порталында жарияланған.
Бұған дейін шілдеде Үкімет Салық кодексіне 45 түзетуден тұратын топтаманы ұсынған. Оның ішінде цифрлық активтерден түскен табысты жеке табыс салығынан босату, тауарларды таңбалауға жұмсалған шығынды шегеру және инвестициялық жобаларды қолдау жөніндегі ұсыныстар болған.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді
28 минут бұрын
-
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ МЕДИА: ШЫНАЙЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫ СӨЗ
2 сағат бұрын
-
Тіс емдетуге барған үш жасар қыз жансақтау бөліміне түсті
20 сағат бұрын
-
Атырауда шенеунік пәтерінен өлі табылды
20 сағат бұрын
-
Республика күні қарсаңында Тарбағатайда бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілді
1 күн бұрын
-
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫСТАДЫ
1 күн бұрын
-
Макрон шеруге шыққандарға қатаң шаралар қолданбақ
1 күн бұрын
-
Тоқаев: Кейбір әлеуметтік жеңілдіктер жымқыру негізінде беріліп жатыр
1 күн бұрын
-
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені екінші рет қатарынан төмендетті
1 күн бұрын
-
"Мұнайшыларды наразылыққа итермеледі": ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр
1 күн бұрын
-
Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі үш жылға қысқаруы мүмкін
1 күн бұрын
-
Қашаған дауы: арбитраж Қазақстанның 12 млрд долларлық талабын қанағаттандырмады
1 күн бұрын
-
Үй сатып алмақ болғандарға ескерту: бірқатар қызмет бірнеше күнге тоқтайды
2 күн бұрын
-
Франция мен Италиядағы сценарий қайталануы мүмкін: Германия неден қауіптенеді
2 күн бұрын
-
Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады
2 күн бұрын
-
Қазақстанда iPhone Duo ресми сатылымға шықты: бағасы қанша
2 күн бұрын
-
Астана, Алматы және Шымкенттен көшкендерге мемлекет ақша төлейді
2 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты тапсырма берді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қылмыс жасаған жасөспірімдердің әрбір екіншісі ауыр қылмысқа барған
2 күн бұрын
-
Отбасы банк комиссияны көтереді: Кімдерге әсер етеді?
3 күн бұрын
-
Ресейде соғысқа әкетілген қазақстандықтар елге орала бастады
3 күн бұрын
-
Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 41 ауылға интернет тартылды
3 күн бұрын
-
Соғысты тоқтату келіссөзі қайта басталуы мүмкін: Ресей мен Украина АҚШ ұсынысын қолдады
3 күн бұрын
-
Ресей Қазақстанға кірудің жаңа тәртібіне қатысты түсініктеме сұрады: Сыртқы істер министрлігі жауап берді
3 күн бұрын
-
«Жәрдемақыдан бас тартуды ұсынды»: Түркістан облысының тұрғыны мамандардың үйіне келгенін айтты
3 күн бұрын
-
Жарты жыл оқу, жарты жыл қызмет: Қазақстандық сарбаздар жаңа жүйемен әскерге барады
3 күн бұрын
-
Қанша қазақстандық зейнетақы жинағын жеке басқарушыларға сеніп тапсырды?
3 күн бұрын
-
Астанада печеньенің ішінен есірткі табылды
3 күн бұрын
-
Тоқаев мемлекеттік органдарды 16 жыл бойы бағалап келген жүйені жойды
3 күн бұрын
-
Дипфейк арқылы алматылық әйелдің атына төрт банк шоты ашылып, 36 млн теңге аударылған
3 күн бұрын
-
Зорлық болмай тұрып қауіп туралы белгі беріледі: Айжан Аймағанова жаңа жүйе ұсынды
4 күн бұрын
-
ШҚО-да 50 жылдан астам пайдаланылған ескі мектептің орнына жаңасы салынды
4 күн бұрын
-
Жаңа стадион салынған соң ескісі не болады? Алматылықтарды толғандырған сұраққа жауап
4 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап кімдерге атаулы әлеуметтік көмек берілмеуі мүмкін
4 күн бұрын
-
Астаналықтарды суық күнде кезекті сынақ күтіп тұр: Кімдер жылусыз қалады
4 күн бұрын
-
Бұрын-соңды болмаған «жаппай тазалау»: Трамптың екінші мерзімінде 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
4 күн бұрын
-
Мұнай бағасы қайтадан 110 доллардан асты
4 күн бұрын
-
Еуропаның төрт ірі компаниясы Starlink-ке балама жасау үшін күш біріктірді
4 күн бұрын
-
Қазақстанда қандай жағдайда жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырады
4 күн бұрын
-
Алматыға 113 келі есірткі жеткізбек болған ағайындылар ұсталды
4 күн бұрын
-
«Ақтөбе» мен «Ордабасы» жазаланды: ҚФФ клубтарға ірі айыппұл салды
4 күн бұрын
-
Жасанды интеллект әлемін өзгерткен NVIDIA басшысы Қазақстанға келеді
4 күн бұрын
-
Қазақстанның жасанды интеллектіні дамыту саласындағы тәжірибесі ТүркПА-да таныстырылды
4 күн бұрын
-
Алматыда үш университет «жарылғыш зат қойылды» деген ақпараттан кейін тексерілді
4 күн бұрын
-
Садыр Жапаров ТүркПА-ға мүше елдер парламенттері басшыларымен кездесті
4 күн бұрын
-
Пашинян Жапаровты Қазақстан президенті деп атағаннан кейін хаттама қызметінің басшысын қызметінен босатты
5 күн бұрын
-
Өскемендегі кептеліске жаңа жол: әкім құрылыс барысын жеке тексерді
5 күн бұрын
-
Қорғаныс министрлігіне кеткен Савельеваның орнына жаңа депутат келді
5 күн бұрын
-
Navai қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін Қазақстаннан шығарылды
5 күн бұрын
-
Ким Чен Ынның қайтыс болғаны туралы ақпараттан кейін оның жаңа суреттері жарияланды
5 күн бұрын