$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Ресей-Украина арасындағы қақтығысқа байланысты Тоқаев: Әскери тұрғыда Ресейдің жеңілмейтіні анық

Редакция
16 қыркүйек 2024 07:34 2754
Ресей-Украина арасындағы қақтығысқа байланысты Тоқаев: Әскери тұрғыда Ресейдің жеңілмейтіні анық Сурет авторы: Фото: Ақорда

16 қыркүйек президенттің арнайы шақыруымен Қазақстанға Германия концлері Олаф Шольц келді. Екі тарап арасында шағым құрамдағы келіссөз жүрді. Осы жиын кезінде Тоқаев Укарина мен Ресей арасындағы соғыс ахуалына байланысты пікір білдірді. 

“Әскери тұрғыда Ресейдің жеңілмейтіні анық. Соғыс бұдан әрі өрши берсе, барша адамзатқа, ең алдымен, Ресей-Украина қақтығысына тікелей қатысы бар мемлекеттерге салдары өте ауыр тиеді”,- деді Тоқаев. Сонымен қатар, көршілес екі ел Ыстанбул бітім келісімшартын бекіту мүмкіндігін уысынан шығарып алғанымен, әлі де бейбіт келісімге келуге болатынын айтты. Мемлекет басшыларының уақытша келіп, кететінін, ал екі көрші халық бірігіп, араласып өмір сүру керегін түртіп өтті. 

“Қазақстан мен Украина арасында ешқандай келіспеушілік болған емес. Киевте Елшілігіміз әлі де жұмыс істеп жатыр”,- деді Президент.  

Соңғы жаңалықтар