$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Путин қорғаныс министрін қызметінен босатты

Редакция
13 мамыр 2024 13:13 1574
Путин қорғаныс министрін қызметінен босатты

Ресей президенті Владимир Путин 2012 жылдан бері елдің қорғаныс министрі қызметін атқарып келген Сергей Шойгуды лауазымынан босатты. Ол енді Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болады.

Путин қорғаныс министрі қызметіне бұрынғы вице-премьер Андрей Белоусовты тағайындауды ұсынды.  

Ресейде күштік құрылымдардың жетекшілері мен сыртқы істер министрі қызметіне кандидаттарды үкімет емес, президент ұсынады. Ал оларды федерация кеңесі мақұлдайды. Шойгу – президент қайта тағайындауға ұсынбаған жалғыз министр. 

Бұрынғы қорғаныс министрі Сергей Шойгуды БАҚ Путиннің жақын досы деп атайды. Олар бірге аң аулап, табиғатта бірге демалады. Ол "Единая Россия" партиясын құрушылардың бірі. Путиннің президенттігінің алғашқы екі мерзімінде парламенттегі путиншіл күштердің өкілі болды. Алайда ол Украинаға басып кіру кезіндегі сәтсіздіктері үшін билікшіл белсенділер мен блогерлердің сынына ұшырады.

Соңғы жаңалықтар