$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Президент жас қаламгерлерді марапаттады: тізімде кімдер бар?

Абдрахманов Мағжан
24 желтоқсан 2025, 09:37
Президент жас қаламгерлерді марапаттады: тізімде кімдер бар? Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы 2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Биылғы марапат жас қаламгерлердің еңбегін қолдауға және ұлттық әдебиеттің дамуына серпін беруге бағытталған. Президенттік сыйлық төрт аталым бойынша иегерлерін тапты.

«Проза» номинациясында «Тергеуші» шығармасы үшін Арман Ерланұлы Әлменбет марапатталды. «Поэзия» аталымы «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағының авторы Саян Кенжеғалиұлы Есжановқа бұйырды. «Драматургия» номинациясында «Ақ киіз» драмалық туындысы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиев үздік деп танылды. Ал «Балалар әдебиеті» аталымы «Жазда атамның ауылында…» өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке табысталды.

Президенттік арнаулы әдеби сыйлық жас жазушылар мен ақындардың шығармашылық әлеуетін арттыруды, жаңа есімдердің танылуын және қазақ әдебиетінің дамуын қолдауды мақсат етеді.

Соңғы жаңалықтар