$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

"Парламентке басып кіріп, өрт шығарды": Кениядағы наразылықтар және Обаманың әпкесі

Редакция
25 маусым 2024 09:45 1861
"Парламентке басып кіріп, өрт шығарды": Кениядағы наразылықтар және Обаманың әпкесі Сурет авторы: BBC

Кенияда үкіметке қарсы наразылық жалғасып жатыр. Бүгін жергілікті тұрғындар Найробидегі парламентке басып кіріп, өрт шығарды, деп хабарлайды РИА новости.

Үкіметтің бірқатар тауарлар мен қызметтерге салықты арттыру жоспарына қарсы наразылықтары осы айдың ортасында басталған. Қазірге дейін 200-ге жуық адам жарақат алған және 2 адам қайтыс болған. Полиция наразылық танытушыларға қарсы көзді ауыртатын газ бен резеңке оқтарды қолданып жатыр.

Наразылықтардың қызған тұсында АҚШ-тың экс-президенті Барак Обаманың әпкесі Аума Обама да көрінді. Ол қызымен бірге көзді ауыртатын газға тап болған.

"Біз наразылық танытқандарға қосылғымыз келді. Ал олар бізге газ шашты. Біздің қолымызда тек баннерлер мен ту бар. Басқа ештеңе жоқ", – деді ол.

Кения президенті Уильям Руто белсенділермен сөйлесуге дайын екенін айтқан. Алайда наразылықтар әлі де жалғасуда.

Әмір Жәнібек

Соңғы жаңалықтар