$ 447.85 € 513.46 ₽ 5.31

Қазақстан қоржыны толықты: Кристина Морозова Жапонияда күміс жүлде жеңіп алды

Абдрахманов Мағжан
23 қыркүйек 2026, 09:21
Қазақстан қоржыны толықты: Кристина Морозова Жапонияда күміс жүлде жеңіп алды Сурет авторы: Спорт министрлігі

Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Морозова Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстандық жеңіл атлет спорттық жүрістен өткен жарыста мәреге екінші болып жетті. Морозова қашықтықты 1 сағат 35 минут 25 секундта жүріп өтті.

Осы нәтижесімен Кристина Морозова Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы жүлде қорын тағы бір күміспен толықтырды.

Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіл атлетика жарыстары жалғасып жатыр. Алдағы күндері Қазақстан құрамасының спортшылары бағдарламаның өзге сайыстарында да жүлдеге таласады.

Соңғы жаңалықтар