$ 448.44 € 514.81 ₽ 5.33

Тоқаев: Тіл саясиландыратын мәселе болмауға тиіс

Абдрахманов Мағжан
22 қыркүйек 2026, 16:55
Тоқаев: Тіл саясиландыратын мәселе болмауға тиіс Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочарованы қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы тіл адамдарды біріктіріп, өзара түсіністікке қызмет етуге тиіс екенін айтты, деп хабарлады Ақорда.

Президент Халықаралық орыс тілі ұйымының гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған заманауи әрі тиімді құрылым ретінде қалыптасуы маңызды екенін атап өтті. Тараптар білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Тоқаев бірлескен жобаларды жүзеге асырғанда ұйымға мүше барлық мемлекеттің мүддесіне тең қарау қажет екеніне назар аударды. Президенттің айтуынша, тіл саясиландыратын мәселе емес, керісінше адамдарды жақындастыратын құрал болуы керек.

Наталья Бочарова ұйым қызметіне көрсетілген қолдау үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, алдағы даму жоспары туралы мәлімет берді.

Соңғы жаңалықтар