Сот Трамптың Ақ үйге журналистерді кіргізуге қойған тыйымының күшін жойды
Сурет авторы: Getty Images
Колумбия округтік соты қабылдаған уақытша тыйым салу туралы бұйрыққа сәйкес, CNN, MS NOW және Politico басылымдарының өкілдеріне Ақ үйге кіру рұқсаты жақын арадағы 14 күнге қайта берілуі тиіс. Сот Ақ үй әкімшілігінің бұл әрекеті «журналистердің конституциялық тиісті сот өндірісі құқықтарын бұзуы мүмкін» деген байламға келген.
Аталған үш бұқаралық ақпарат құралы өз тілшілерінің Ақ үйге кіретін арнайы куәліктері тәркіленіп, резиденцияға кіруіне тыйым салынғаннан кейін сотқа шағым түсірген болатын.
Трамп әкімшілігі сот залында бұл шешімді қорғауға тырысып, ақпарат құралдарын «жалған ақпарат таратты және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірді» деп айыптады. Дегенмен сот бұл уәждерді негізсіз деп тауып, кері қайтарды.
Әзірге Ақ үй сот шешіміне қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Ал президенттің заңгерлері алдағы уақытта шағымдану шараларын жүргізуі мүмкін.
Істі қараған сот Тимоти Келли CNN, Politico және MS NOW БАҚ өкілдерінің «Ақ үй шектеу енгізу кезінде тиісті заңды процедураларды сақтамады» деген уәжін дәлелдеуде жеңіске жету ықтималдығы жоғары екенін айтты.
Сонымен бірге сот Трамп әкімшілігінің тыйым салу себебін «ұлттық қауіпсіздікпен» байланыстырған соңғы сөздеріне күмән келтіріп, президенттің алғашқы хабарламасында бұл жайт туралы мүлдем айтылмағанына назар аудартты.
Сот шешімінің толық мәтінінде: «Сот өндірісі барысында талап қоюшылардың рұқсатнамаларын тартып алу шынымен ұлттық қауіпсіздікті қорғайтыны немесе олардың рұқсатнамаларын қалпына келтіру ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретіні туралы Жауапкерлер келтірген айыптардың нақты айғақтары жоқ», - делінген.
Президент әкімшілігі шектеуді ақтау мақсатында осы БАҚ-тарда жарық көрген бірқатар материалдарды, соның ішінде Ақ үйдегі құрылыс пен жаңа балл залының жұмысы туралы мақалаларды мысал ретінде ұсынды.
Алайда сот Ақ үй наразылық білдірген материалдардың басым бөлігін «тіпті арнайы рұқсатнамасы жоқ» журналистер жазғанын атап өтті. Ал қалған жағдайларда Трамп әкімшілігі «тілшінің арнайы куәлігінің болуы аталған мақалаларды жазу үшін аса маңызды рөл атқарғанын» дәлелдей алмаған.
Сондай-ақ, Трамп әкімшілігі бастапқы талап-арызында тыйымды қолдайтын Қорғаныс министрлігі өкілдерінің мәлімдемелерін де ұсынған еді. Сот бұл шенеуніктердің «репортерлердің Ақ үйде қалай жұмыс істейтіні немесе осы іске қатысты нақты фактілер туралы тікелей хабары жоқ» екенін мәлімдеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының атынан өкілдік ететін заңгер Тед Бутроус: «Бұл -баспасөз бостандығын, заңды процедураларды және заң үстемдігін дәлелдейтін пәрменді шешім», - деп сөз сөйледі.
Осыған дейін дүйсенбі күні АҚШ-тың ірі телеарналары тыйымға наразылық білдіріп, Ақ үйдегі пулдық міндеттерді орындаудан бас тартқан болатын. Бұл келісім президент қатысатын іс-шараларды таратқан кезде шығын мен орынды үнемдеу үшін медиа ұйымдардың материалдарды бір-бірімен бөлісуін қарастырады.
Атап айтқанда, 49 медиа ұйым - соның ішінде CBS News, The New York Times және Fox News - CNN, MS NOW және Politico-ның сот арызын қолдап, ортақ заңды құжат тапсырды.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін де ақпарат құралдарын жиі сынап келген. Оның әкімшілігі The New York Times, The Wall Street Journal және BBC сияқты бірқатар басылымдарға қарсы сот процестерін бастаған болатын. Аталған сот процестерінің кейбірі БАҚ өкілдерінің көпмиллиондық өтемақы төлеуге келісуімен аяқталса, Трамптың BBC-ге қарсы соты әлі де жалғасуда.
Соңғы жаңалықтар
-
МӘМС болмаса да: 2027 жылдан бастап қазақстандықтар қандай тексеруден тегін өте алады?
20 сағат бұрын
-
Қытай көлік экспортын қатаңдатады: бұл Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?
20 сағат бұрын
-
Сабақтан кейінгі жанжал мектеп оқушысының өлімімен аяқталды
21 сағат бұрын
-
«TikTok-менталитеттен» арылудың жолы: Тоқаев жастардың мінез-құлқын өзгертетін бастама ұсынды
21 сағат бұрын
-
Қазақстанның робототехника құрамасы FIRST Global Challenge 2026 халықаралық чемпионатында үздік төрттікке енді
22 сағат бұрын
-
Ерлан Қошанов: Мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты диалогтың жұмыс істейтін жүйесін құруға тиіспіз
23 сағат бұрын
-
Қазақстанда семіздікті кешенді емдеу мен алдын алудың жаңа бағдарламасы басталды
1 күн бұрын
-
Ресейдің сұрауымен Астанада ұсталған Украина азаматы босатылды
1 күн бұрын
-
Астанада әскери ұшақтар ұшып, жол қозғалысы шектеледі: себебі неде?
1 күн бұрын
-
Үндістанда танкерде бірнеше ай қалған қазақстандық елге қайтарылады
1 күн бұрын
-
Непалдағы апат: жоғалды деп есептелген қазақстандық елде екені анықталды
1 күн бұрын
-
Доллар қайта қымбаттады: 9 қазандағы валюта бағамы
1 күн бұрын
-
Солтүстікте күн суытады, оңтүстікте +24 градус: 9 қазанға болжам
1 күн бұрын
-
Қазақстан Халық Кеңесі 2026–2027 жылдарға арналған жұмыс жоспарын талқылады
1 күн бұрын
-
Экологиялық мәдениет сенбілікпен шектелмейді: Өскеменде жастар «Таза Қазақстан» идеясы төңірегінде бірікті
1 күн бұрын
-
Құрылтай IT мамандарын жасанды интеллект бойынша ұсыныс беруге шақырды
1 күн бұрын
-
БАӘ министрі Астанадағы фестивальді жасанды интеллектің үздік үлгісі ретінде бағалады
1 күн бұрын
-
АҚШ-та қалғысы келетін шетелдік студенттерге талап күшейтілуі мүмкін
1 күн бұрын
-
«Жапонияда 11 мың, Қазақстанда 463 мың теңге»: Аймағамбетов дәрі мәселесін көтерді
1 күн бұрын
-
Қазақстанда кімге мемлекеттен жәрдемақы берілмейді? Отбасыңыздың әл-ауқаты баллмен есептеледі
1 күн бұрын
-
14 қазақстандық соғыс аймағынан қайтарыла ма? СІМ жауап берді
1 күн бұрын
-
Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесмен анықталды: Forbes жаңа рейтинг жариялады
2 күн бұрын
-
Астанада гардеробта балалар қысылып қалған видеодан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды
2 күн бұрын
-
Алматы облысында тротуардағы балаларды қағып кеткен жүргізуші ұсталды
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап ауқатты қазақстандықтарға бірқатар жәрдемақы төленбейді: Үкімет тізімді бекітті
2 күн бұрын
-
ДДСҰ артық салмағы бар балаларды операция мен дәрі-дәрмексіз емдеудің жолын айтты
2 күн бұрын
-
Жаңбыр, сулы қар және көктайғақ: 8 қазанда күн райы қандай болады
2 күн бұрын
-
Тоқаев Путинге телефон соғып, туған күнімен құттықтады
2 күн бұрын
-
ЖСН-ді өзгертуге бола ма: ІІМ жауап берді
2 күн бұрын
-
Астанада діндердің климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі рөлі туралы құжат қабылданды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда әскери қылмыстардан зардап шеккендер саны рекордтық деңгейге жетті
2 күн бұрын
-
Құрылтай 6 жоғары сот өкілдерін лауазымдарынан босатты
2 күн бұрын
-
Қазақстан неге дәл Сербиямен әскери ынтымақтастықты күшейтіп жатыр?
2 күн бұрын
-
Тоқаев FIDE басшысы болған Тимур Турловқа бірқатар міндет қойды
2 күн бұрын
-
Университет курстарын ЖИ әзірлейді: SDU студенттері отандық AI-платформа ойлап тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстаннан Нью-Йоркке тікелей рейс ашу тағы кейінге қалды
2 күн бұрын
-
Астанада 15 ЖОО студенттері бағын сынаған театрландырылған байқау өтті
2 күн бұрын
-
Ресей әскерінен қашып, Қазақстанға кірген азамат елден шығарылмақ
2 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өндіре тұра, неге Ресейден бензин мен дизель сатып алады?
2 күн бұрын
-
Қазақстан мен Сербия бір-біріне қару-жарақ пен әскери техника жеткізе алады
3 күн бұрын
-
Шоты бұғатталған қазақстандықтардың негізгі қажеттіліктеріне ақша қалдыру ұсынылды
3 күн бұрын
-
Құрылтайдағы мандатын тапсырған Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болды
3 күн бұрын
-
Студенттердің банк карталары бақыланады: Парламентте маңызды бастама көтерілді
3 күн бұрын
-
30 млрд теңге үнемделеді: Қазақстан Ресейден мұнай өнімдерін импорттауды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Адам миын жарықпен басқару: Медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды
3 күн бұрын
-
«140 мың теңге айлық»: Қазақстандық дәрігерлер жалақыны өсіруді талап етіп жатыр
3 күн бұрын
-
Құрылтай депутаты Татьяна Савельева өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатты
3 күн бұрын
-
Ресейдегі зертханашының қазасы: ДДСҰ оба тарау қаупін бағалады
3 күн бұрын
-
«Сенесіз бе, сенбейсіз бе...»: Трамп Украинадағы соғысты тоқтатудың соңғы кезеңіне келгенін мәлімдеді
3 күн бұрын
-
Ресейдегі соғыс аймағына тап болған қазақстандықтар елге қалай қайтарылады?
3 күн бұрын