$ 445.65 € 508.71 ₽ 5.3

Шекарадан өткен жүргізушілерден ақша бопсалап келген: Жамбыл облысында қылмыстық топ әшкереленді

Абдрахманов Мағжан
24 қыркүйек 2026, 10:40
Шекарадан өткен жүргізушілерден ақша бопсалап келген: Жамбыл облысында қылмыстық топ әшкереленді Сурет авторы: shutterstock

Жамбыл облысында шекара бекетінен өткен жүргізушілерден жүйелі түрде ақша бопсалап келген деген күдікке ілінген қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Арнайы шара 23 қыркүйекте жүргізілген, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

ІІМ мәліметінше, күдіктілер шекара бекеті арқылы өткен жүк көліктерінің, автобустардың, жеңіл және транзиттік көліктердің жүргізушілерінен ақша талап еткен.

Іс аясында 27 жерге тінту жүргізілді. Нәтижесінде суық қару, байланыс құралдары, ірі көлемдегі ақша және автокөліктер тәркіленген.

Қазір бірнеше адамның алдын ала сөз байласып ақша бопсалау дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары әр күдіктінің іс-әрекеттегі рөлін анықтап, осыған ұқсас басқа да жағдайлардың бар-жоғын тексеріп жатыр.

Әзірге қанша адамның ұсталғаны және жүргізушілерден қанша ақша талап етілгені жарияланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар