$ 445.65 € 508.71 ₽ 5.3

Каспий теңізінде қаза болған сарбаздардың тізімі жарияланды

Редакция
24 қыркүйек 2026, 17:26
Каспий теңізінде қаза болған сарбаздардың тізімі жарияланды Сурет авторы: ЖИ иллюстрациясы

Манғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығу жиыны кезінде күтпеген апат орын алып, елді еңіреткен қайғылы оқиға тіркелді. Төтенше жағдай салдарынан 19 әскери қызметшіні жойқын толқын ашық теңізге ағызып әкеткен.

Соңғы ресми мәліметтер бойынша, тоғыз сарбаз қаза тапты деп болжануда. Қазіргі уақытта олардың сегізінің аты-жөні белгілі болды:

  • Сержан Аяпберген

  • Әсет Жанабай

  • Алмас Көбенов

  • О. Мұхтарұлы

  • Жеңіс Темірғалиев

  • Азамат Мәдихан

  • Ақылбек Төлеген

  • Әмірбек Өмірзақ

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында үш әскери қызметші судан аман шығарылды. Қазiргi сәтте қалған сарбаздарды іздеу-құтқару операциясы үздіксіз жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар