$ 447.85 € 513.46 ₽ 5.31

Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды

Абдрахманов Мағжан
23 қыркүйек 2026, 14:44
Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы Мемлекет басшысы 23 қыркүйекте Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында мәлімдеді.

Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 23–24 қыркүйекте өтеді. Бұған дейін Мемлекет басшысы Кеңестің құрамын бекіткен болатын.

Қазақстан Халық Кеңесі Президент бекіткен құраммен жұмыс істейді. Мемлекет басшысының өкілеттігіне Кеңестің құрамын бекіту, оның Хатшылығын құру және Хатшылық басшысын тағайындау кіреді.

Соңғы жаңалықтар