$ 447.85 € 513.46 ₽ 5.31

Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін тағайындады

Наурызбек Лесов
23 қыркүйек 2026, 10:51
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін тағайындады Сурет авторы: ortcom.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесі тағайындалды.

ОСК мүшелері болып Азамат Мақсотұлы Айманакумов, Михаил Михайлович Бортник, Мұхтар Тілдәбекұлы Ерман, Әсел Болатқазықызы Жанәбілова, Ләззат Кенесқызы Сүйіндік және Шавхат Әнесұлы Өтемісов тағайындалды.

Тағайындаулар жаңа Конституцияға сәйкес Орталық сайлау комиссиясының құрамын жасақтау аясында жүзеге асып отыр. Конституцияның өтпелі ережелеріне сәйкес, ОСК төрағасы мен мүшелері бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде тағайындалуға тиіс. Бұған дейінгі құрам жаңа құрам жасақталғанға дейін өкілеттігін сақтайды.

Орталық сайлау комиссиясы елдегі сайлау мен жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыруға қатысады. Мәселен, референдум кезінде ОСК Орталық референдум комиссиясының міндетін атқарып, дауыс беруді ұйымдастырады және оның қорытындысын шығарады.

Бұған дейін Президент Конституциялық Соттың он судьясын да тағайындаған еді. Жаңа Конституцияға сәйкес мемлекеттік органдардың бірқатарының жаңа құрамы алғашқы шақырылған Құрылтай жұмысын бастағаннан кейін жасақталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар