$ 445.65 € 508.71 ₽ 5.3

Amanat пен «Әділет» біріккен соң: Қазақстанда мәслихаттар қайта сайланбақ

Абдрахманов Мағжан
24 қыркүйек 2026, 13:23
Amanat пен «Әділет» біріккен соң: Қазақстанда мәслихаттар қайта сайланбақ Сурет авторы: Orda.kz/ ЖИ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша Премьер-министрмен және Құрылтай Төрағасымен кеңесетінін мәлімдеді. Содан кейін Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қоймақ.

Тоқаев бұл туралы Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында айтты. Оның сөзінше, қазіргі мәслихат депутаттарының өкілеттігі заңда белгіленген мерзімге дейін сақталады. Алайда олардың көпшілігі қызметін тоқтатқан «Amanat» партиясының атынан сайланған.

«Сондықтан мен жақын арада Премьер-министрмен және Құрылтай Төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңесемін. Содан соң тиісті Жарлыққа қол қоямын», – деді Президент.

Тоқаев тиісті заңнамалық рәсімдер аяқталғаннан кейін мәслихат депутаттарының басым бөлігінің қызметінің заңдылығына қатысты мәселе туындайтынын айтты. Оның сөзінше, осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы жаңа сайлау өтетін күнді жариялауы керек.

Соңғы жаңалықтар