Екпе қайда: Қазақстандықтар неліктен тұмауға қарсы вакцина ала алмай жүр
Сурет авторы: elordamedia.kz
Қазақстанда жоспарланған мерзімде тұмауға қарсы жаппай вакцинация науқаны басталған жоқ. Тұрғындардың емханаларға хабарласып, екпе ала алмай отырғаны туралы шағымдарынан кейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жағдайдың мән-жайын түсіндірді.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысына сәйкес, тұмауға қарсы профилактикалық иммундау науқаны 15 қыркүйекте басталуы тиіс болатын. Бекітілген құжатқа сай, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вирус жұқтыру қаупі жоғары саналатын азаматтар топтары - созылмалы ауруы бар адамдар, мектеп оқушылары, жүкті әйелдер, қарттар, кішкентай балалар, сондай-ақ жабық үлгідегі мекемелер мен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының контингенті тегін вакцинациямен қамтылуы тиіс.
Дегенмен 15 қыркүйектен кейін медициналық ұйымдарға жүгінген азаматтар вакцинаның жоқтығы туралы жауап алған. Қазіргі уақытта бұл препарат ақылы негізде де қолжетімді емес. Айта кету керек, медициналық регламент бойынша ағзада эпидемиялық маусым басталғанша жеткілікті иммунитет қалыптасып үлгеруі үшін вакцинация вирус белсенді тарала бастағанға дейін жүргізілуі шарт.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бірыңғай дистрибьютор өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының өтінімдері негізінде «НПО Петровакс Фарм» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) өндірген «Гриппол плюс» сауда атауы бар вакцинаның 2,2 миллионнан астам дозасын сатып алған. Препаратты елге жеткізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
«Жеткізу мерзімдері Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығында өнімді тіркеу процедураларының жүргізілуіне байланысты өнім беруші тарапынан түзетілді. Осы процедуралар аясында вакцинаның штаммдық құрамын жыл сайынғы жаңарту жұмыстары жүргізіліп, ол 2026 жылдың қыркүйек айында аяқталды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазiргi уақытта өнім беруші барлық тіркеу рәсімдерін толық аяқтаған. Жеткізудің жаңаланған кестесіне сәйкес, препараттың алғашқы партиясы елге қазан айының басында жеткізіледі деп күтілуде.
Өз кезегінде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл вакцинация жалпы жедел респираторлық вирустық инфекцияларға (ЖРВИ) емес, тек тұмаудың алдын алуға бағытталғанын атап өтті. Сала мамандарының айтуынша, ЖРВИ-ді вирустардың өте көп түрі тудыратындықтан, оларға қарсы әмбебап вакцина жоқ.
Әлеуметтік желілерде азаматтар тарапынан ЖРВИ белгілерінің ауыр өтіп жатқаны туралы шағымдар жиілегенімен, ресми статистика өзге мәліметті көрсетіп отыр. Қыркүйек айының басынан бері республика бойынша ЖРВИ-дің 51 937 жағдайы тіркелген, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге аз. Осы уақытқа дейін зертханалық расталған тұмау жағдайлары мен жаңа вирустардың таралуы тіркелген жоқ.
Соңғы жаңалықтар
-
Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды
10 минут бұрын
-
Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды
37 минут бұрын
-
Әлемді мойындатқан Елена Рыбакина елге оралды
2 сағат бұрын
-
Құрылтай депутаттары мен вице-министрлер мемлекеттік басқаруға қатысты ЖИ құралдарымен танысады
2 сағат бұрын
-
«Әбіл» фильмі Қазақстан атынан «Оскарға» ұсынылды
3 сағат бұрын
-
Қазақстанда шариғат талаптарына сай сақтандыру жүйесі енгізіледі
3 сағат бұрын
-
Жоғары аудиторлық палатаның құрамы жаңарды
4 сағат бұрын
-
Шекерадан заңсыз жолмен 200-ден астам iPhone 18 алып өтпек болғандар ұсталды
4 сағат бұрын
-
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін тағайындады
4 сағат бұрын
-
Тоқаев Конституциялық Соттың он судьясын тағайындады
4 сағат бұрын
-
Екпе қайда: Қазақстандықтар неліктен тұмауға қарсы вакцина ала алмай жүр
4 сағат бұрын
-
Қазақстанда 56 мұнай-газ учаскесі аукционға шығарылды
5 сағат бұрын
-
Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды
5 сағат бұрын
-
Қазақстан қоржыны толықты: Кристина Морозова Жапонияда күміс жүлде жеңіп алды
6 сағат бұрын
-
Жаңбыр, найзағай және тұман: 23 қыркүйекте күн райы қандай болады
6 сағат бұрын
-
Brent бағасы 100 доллардан төмен түсті: мұнай неге арзандады
22 сағат бұрын
-
Тоқаев: Тіл саясиландыратын мәселе болмауға тиіс
22 сағат бұрын
-
Апелляциялық сот Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды
23 сағат бұрын
-
Кітап оқу адамға не береді: журналист Ержан Жаубай жеті пайдасын атады
1 күн бұрын
-
ММА-дан тағы бір алтын: Қадырбек Шынбаев Азия ойындарында топ жарды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясын шақырды
1 күн бұрын
-
Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Рауан Кенжеханұлы: Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітті
1 күн бұрын
-
Жолдағы жаңа ережелер: Астанаға күн сайын кіретін 150 мың көлік қалай бақыланады
1 күн бұрын
-
Айыппұлмен шектелмейді: жол ережесін жиі бұзғандарға жаза күшейтілмек
1 күн бұрын
-
Оң жақ рөлді көліктер таксиге жіберілмейді: ІІМ бақылауды күшейтеді
1 күн бұрын
-
Қазақстан қоржынына бесінші алтын түсті: ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды
1 күн бұрын
-
Диктант, шығарма, бақылау жұмысы: бастауыш сынып оқушылары қалай бағаланады
1 күн бұрын
-
Жылуды қашан қосады: Қай өңірлерге ерте берілетіні белгілі болды
1 күн бұрын
-
Американың жетекші БАҚ өкілдері Дональд Трампты сотқа берді
1 күн бұрын
-
АҚШ Иранмен қақтығыс біткен соң Таяу Шығысты қалпына келтіруге 5 млрд доллар бөлуі мүмкін
1 күн бұрын
-
WBC чемпионы Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырып, бұрынғы допинг дауын есіне салды
1 күн бұрын
-
Зеленский Ресейдің энергетика нысандарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады
1 күн бұрын
-
АҚШ-тағы қымбатшылық Трамптың рейтингін рекордтық 32 пайызға түсірді
1 күн бұрын
-
Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды
1 күн бұрын
-
Жаңбыр, найзағай және +32 градус: 22 қыркүйекте күн райы қандай болады
1 күн бұрын
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
1 күн бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
1 күн бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
1 күн бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
1 күн бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
1 күн бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
1 күн бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
2 күн бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
2 күн бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
2 күн бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
2 күн бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
2 күн бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
2 күн бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
2 күн бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
2 күн бұрын