$ 445.65 € 508.71 ₽ 5.3

Тоқаев Каспийдегі қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауды тапсырды

Абдрахманов Мағжан
24 қыркүйек 2026, 16:49
Тоқаев Каспийдегі қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауды тапсырды Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шараларды қабылдауды және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды.

Бұған дейін Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт бұзылып, 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткені хабарланған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тоғыз әскери қызметші қаза тауып, үшеуі құтқарылды. Қалғандарын іздеу жалғасып жатыр.

Оқиғаның себептерін анықтау үшін Қанат Бозымбаев басқаратын Үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына бірқатар министрлік пен мемлекеттік органның өкілдері кірді.

Соңғы жаңалықтар