$ 447.85 € 513.46 ₽ 5.31

Жоғары аудиторлық палатаның құрамы жаңарды

Абдрахманов Мағжан
23 қыркүйек 2026, 11:02
Жоғары аудиторлық палатаның құрамы жаңарды Сурет авторы: ҚР ЖАП

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының сегіз мүшесі тағайындалды.

Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері болып Бақыт Үрістемұлы Әбілдинов, Рахымжан Мырзаханұлы Ділдаев, Амангелді Сағындықұлы Есенов, Ғабиден Хасенұлы Жақсылықов, Руслан Қасқырбекұлы Мелдебеков, Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов, Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев және Юлия Федоровна Энгель тағайындалды.

Бақыт Әбілдинов жаңа қызметке тағайындалуына байланысты бұрын атқарған лауазымынан босатылды.

Жоғары аудиторлық палатаның ресми дерегіне сәйкес, тағайындалғандардың арасында бұған дейін де палата құрамында болғандар бар. Атап айтқанда, Рахымжан Ділдаев, Амангелді Есенов, Нұрлан Нұржанов, Ардақ Теңгебаев және Юлия Энгель Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі қызметін атқарған.

Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы жоғары орган саналады. Ол республикалық бюджеттің атқарылуына, мемлекеттік қаражат пен активтердің пайдаланылуына аудит жүргізеді.

Бұған дейін Мемлекет басшысының жарлықтарымен Конституциялық Соттың он судьясы және Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесі тағайындалған болатын.

Соңғы жаңалықтар