$ 445.65 € 508.71 ₽ 5.3

IT саласының маманы Қорғаныс министрінің орынбасары болды

Абдрахманов Мағжан
24 қыркүйек 2026, 10:08
IT саласының маманы Қорғаныс министрінің орынбасары болды Сурет авторы: "ҰАТ" АҚ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Дәулет Бекманов Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы 24 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бекманов жаңа қызметке дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болған. Ол бұл компанияны 2025 жылғы шілдеден бері басқарды.

Дәулет Бекманов 1983 жылы туған. 2004 жылы «Мирас» университетін «Информатика» мамандығы бойынша, 2010 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы инженер-жүйетехник болып бастаған.

Әр жылдары байланыс және ақпарат, көлік және коммуникация, инвестициялар және даму, ақпарат және коммуникациялар саласындағы мемлекеттік органдарда басшылық қызметтер атқарған. 2020–2023 жылдары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетін басқарды. Кейін «Қазпоштада» мемлекеттік қызметтер бағытына жауап берді.

2025 жылғы шілдеде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып сайланды. Компания электрондық үкімет пен мемлекеттік ақпараттық жүйелердің жұмысын қамтамасыз етуге қатысады.

Соңғы жаңалықтар