$ 445.65 € 508.71 ₽ 5.3

Каспийдегі қайғылы оқиға: Әзербайжан Қазақстанға көңіл айтты

Абдрахманов Мағжан
24 қыркүйек 2026, 16:36
Каспийдегі қайғылы оқиға: Әзербайжан Қазақстанға көңіл айтты Сурет авторы: depositphotos

Әзербайжан Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Елдің Сыртқы істер министрлігі марқұмдардың отбасыларына, Қазақстан халқына және Үкіметіне қайғыра көңіл айтатынын мәлімдеді.

«Алла марқұмдарға мәңгілік тыныштық беріп, олардың отбасыларына осы қиын кезеңде күш-қуат пен сабыр берсін», – делінген хабарламада.

Әзербайжан тарапы із-түзсіз жоғалған әскери қызметшілердің аман табылатынына үміт білдіріп, зардап шеккен сарбаздың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Бұған дейін 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт бұзылып, 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткені хабарланған. Тоғыз әскери қызметші қаза тауып, үшеуі құтқарылды. Қалғандарын іздеу жалғасып жатыр.

Оқиғаның себептерін анықтау үшін Қанат Бозымбаев басқаратын үкіметтік комиссия құрылды. Әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс те қозғалды.

Соңғы жаңалықтар